Саясат

Тоқаев: Түркістан облысының 10 ауылын су басты

Қазақстан Президенті Өзбекстандағыдамбаның жарылуына байланысты Түркістан облысындағы жағдайды өз бақылауындаұстап отыр.

Тоқаев: Түркістан облысының 10 ауылын су басты

Ол өзінің Твиттердегі парақшасында:

"Өзбекстанаумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр.Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде", — деп жазды.

1 мамырда таңғы сағат 05:10 шамасында Сардоба су қоймасының бөгетінің төменгібөлігінің шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданынында дамба жарылды. Осыған байланысты Түркістан облысының елді-мекендеріне зиян келді. Мақтаарал ауданында жедел штаб құрылып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай комиссиясында ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Бекер жетекшілік ететін республикалық шұғыл штаб та жұмыс істейді. 2020 жылдың 2 мамырында су алған ауданда техногендік төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

Кеше облыс әкімі ӨмірзаөқШөкеевтің  аймақты жайлаған тасқын судың жайын талқылау үшін  Өзбекстанға аттанғанын жазған болатынбыз.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз