Саясат

Тоқаев жедел жиын өткізді

Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевеліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді, — депхабарлайды Ақорда сайты.

Тоқаев жедел жиын өткізді

Бүгін Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағыныштыоргандардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегіқаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөніндемәселелер талқыланды.

Президент Үкіметке, Ұлттықбанкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.Басты тапсырма — мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінтолық көлемде орындау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасы бойынша, Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет етуштабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірікәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспардайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесінаса маңызды деп санайды. Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалықбюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді.  Мемлекет басшысы бюджетшығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталықнарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттердіоңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз