Трамп Украинаға көрсеткен көмегін сирек металл қорына айырбастағысы келеді
![Трамп](/static/img/image.jpg)
Германия канцлері Олаф Шольц Дональд Трамптың Украинаның Америка Құрама Штаттарына көмек ретінде сирек жер металдарын жеткізуін талап еткенін өзімшілдік деп атады.
Канцлер Киевтің өзіне болашақта қайта құру үшін ресурстар қажет болатынына сенімді.
Бұл туралы Германия канцлері Брюссельде өткен Еуроодақтың қорғаныс жөніндегі бейресми саммитінен кейін мәлімдеді.
«Біз елдің осы ресурстарын соғыстан кейін қажет болатынның бәрін қаржыландыру үшін пайдалануымыз керек», - деп келтіреді Шольцтің сөзін Reuters.
Германия басшысы алдағы уақытта Украинаға күшті армия, сондай-ақ елді қалпына келтіруді қаржыландыру қажет болатынын баса айтты.
"Украинада орын алып жатқан орасан зор қирауды ескерсек, бұл үлкен міндеттер. Сондықтан Украинаның ресурстарын елдің жарқын болашағы үшін пайдаланған дұрыс деп ойлаймын", - деп қосты Германия канцлері.
Сол күні Дональд Трамп Украина АҚШ-қа сирек кездесетін металдарды жеткізуге уәде берсе, оған көмек жалғасатынын айтқан болатын.