Трамптың арнайы өкілдері Кушнер мен Уиткофф Киевке келді
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер жексенбі, 6 қыркүйекте Киевке келді.
Америкалық келіссөз жүргізушілер Украина астанасына Польшадан пойызбен жеткен.
Киевте Уиткофф пен Кушнер Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз өткізеді.
«Еуропейская правда» басылымының жазуынша, бұл – екі америкалық өкілдің Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселесімен айналыса бастағалы бері Украинаға жасаған алғашқы сапары.
Бір күн бұрын Уиткофф пен Кушнер Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізген. Ақ үй бұл кездесуді «мазмұнды» деп бағалады.
Ал Кремль Украинадағы соғысты реттеу төңірегіндегі жағдайдың күрделі екенін мәлімдеді.
Уиткофф пен Кушнер бұған дейін Вашингтон атынан келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге бірнеше рет барған.