Саясат

Түркістандағы су басқан ауылдарды қалпына келтіру үшін үкіметтік комиссия құрылды

Түркістандағы су басқан ауылдарды қалыпқа келтіру бойынша үкіметтіккомиссия құрылды,-деп хабарлайды «Жас Алаш» primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістандағы су басқан ауылдарды қалпына келтіру үшін үкіметтік комиссия құрылды

 

ҚРПремьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағыелді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссияқұрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді.

Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою,инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпынакелтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетуміндеттері қойылды.

2 мамырда Өзбекстанда дамбаның жарылуына байланысты Түркістан облысындағыекі елді-мекен су астында қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларғакөмек көрсетуді тапсырды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз