Түркияда ДАИШ-пен байланысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды
Түркияның құқық қорғау органдары терроризмге қарсы операция барысында исламтанушы, діни жазушы әрі ұстаз Кула Сади Юксельді және оның айналасындағы 22 адамды ұстады.
Елде "Ходжа" деген атпен танымал Юксельдің ДАИШ-пен байланысы болуы мүмкін деген күдік бар.
Оларға террористік ұйымды қаржыландыруға немесе қолдауға қатысы болуы мүмкін деген айып тағылып отыр.
Сот шешімімен 1957 жылы Муш қаласында дүниеге келген Юксель үйқамаққа алынды. Ал оның 22 шәкірті мен серіктесі қамауға алынып, сот процесі басталғанға дейін тергеу изоляторына жіберілді.