Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:12

Украина ресейлік әртістер мен спортшыларға санкция енгізді

Зеленский
Фото: ЖИ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мәдениет және спорт өкілдеріне қатысты жаңа санкциялар жариялады. Бұл тізімге Ресейді қолдап, соғыс саясатын насихаттады деп айыпталған әртістер мен спортшылар енген.

Жарлық 2024 жылғы Украина президентінің ресми сайтында жарияланды. Санкцияларға сәйкес, аталған тұлғаларға елге кіруге тыйым салынып, Украинадағы активтері бұғатталады, сонымен қатар олар Украина мемлекеттік марапаттарынан айырылады.

Санкция тізіміне енгендер қатарында:

  • Актёр Евгений Миронов;

  • Режиссёр Егор Кончаловский;

  • Актриса Ирина Апексимова;

  • Әнші Shaman (Ярослав Дронов);

  • Цирк әртісі Юрий Куклачев;

  • «Универ» сериалының актері Виталий Гогунский;

  • Артист Оскар Кучера;

  • Режиссёр Александр Панкратов-Черный;

  • Балет жұлдызы Сергей Полунин;

  • "Любэ" тобының солисі Николай Расторгуев;

  • Бард әнші Александр Розенбаум;

  • Рок-музыкант Игорь (Гарик) Сукачев

  • Рэпер Жиган (Роман Чумаков);

  • Ваганов атындағы орыс балет академиясының ректоры Николай Цискаридзе.

Сондай-ақ, спортшылар да назардан тыс қалмады. Тізімге:

  • Қылыштасу шебері Софья Великая;

  • Шаңғышы Елена Вяльбе

  • Боксшылар Денис Лебедев пен Руслан Проводников;

  • Гимнасшы Никита Нагорный

сияқты белгілі спорт тұлғалары енгізілген.

Украина билігі бұл адамдарды соғысты ашық қолдағаны үшін жауапкершілікке тарту мақсатында санкция енгізгенін атап өтті. Бұл шешім Ресеймен мәдени және спорттық байланысты шектеуге бағытталған қадамдардың бірі болып отыр.

Тегтер: