Қоғам

ҰҚШҰ-дың оқу жаттығуларына байланысты Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында әскери техника тасымалданады

12-19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді.

Сарбаз

Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, яғни 7-30 қыркүйек аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының аумағында әскери техника мен әскери қызметшілердің жоспарлы тасымалы жүзеге асырылады.

Жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, әскерлердің қайта топтасуы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау мәселелері пысықталады.

Іс-шара ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бекітілген жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.«Шеп» оқу-жаттығуы ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағында кезекпен тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Әскери ведомство азаматтарды, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздерге сүйеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз