Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:06, 28 Қараша 2024

ҰҚШҰ елдері басшылары халықаралық ахуалды жабық жиында талқылады

Тоқаев
Фото Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шектеулі құрамдағы отырысына қатысты.

Кездесуге Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы еуразиялық кеңістікте бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті.

"Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында ҰҚШҰ барлық қатысушы елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің өзектілігін дәйекті түрде көрсетіп келеді ҰҚШҰ жай ғана әскери әріптестік емес, бұл мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей тетік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Шара барысында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланған. Бұған дейін сарапшылар бұл жиында Ресей мен Украина арасындағы соғыс талқыланатыныны айтқан болатын. 

Айта кетейік, Ресей алғаш рет құрлықаралық зымыранымен Украйнаға соққы жасады. Путин "Орешник" зымыранын қолдануды Киев жақында Батыс елдерінен Ресейге атуға рұқсат британдық және америкалық зымырандарға жауап деп атады.

27 қарашада орыс басылымдарына сұхбат берген Тасмағамбетов «Ресей жаңа зымыран жүйесін сынақтан өткізуге мәжбүр болды» деді.

Айта кетейік, 28 қарашада Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған 27 қарашада Астанаға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді), Беларусьтің басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді.

 

Тегтер: