Live

Ұлыбритания мен Франция атысты тоқтатқаннан кейін Украинаға әскер енгізуге дайын

Парижде өткен саммиттен кейін Ұлыбритания мен Франция Украина аумағына өз әскерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Жиынға ресми Киевке одақтас елдердің көшбасшылары мен АҚШ өкілдері қатысқан.

Зеленский мен Макрон


The Guardian жазуынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Франция президенті Эммануэль Макрон және Украина президенті Владимир Зеленский бірлескен мәлімдемеге қол қойған. Құжатта бітім жасалғаннан кейін Лондон мен Париж Украинада әскери хабтар құруды жоспарлап отырғаны айтылған. Бұл нысандар болашақта халықаралық әскери контингент орналастыру үшін негіз бола алады. Алайда мәлімдемеде әскерлер тікелей әскери қимылдарға қатыспайтыны көрсетілген.

Макронның айтуынша, миссияның басты мақсаты – атысты тоқтатқаннан кейін тұрақтылықты қамтамасыз ету және қауіпсіздік сезімін қалыптастыру. Әскерлер майдан шебінен алыс аймақтарға орналастырылады, бірақ олардың нақты саны мен форматы әлі белгіленбеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз