16:04, 26 Ақпан 2024
Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болып Головкин тағайындалды
Орта және екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.
Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды, - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.
Осыған дейін 9 жыл комитетті танымал олигарх Құлыбаев басқарған болатын.
Ұлттық олимпиада комитеті 1990 жылдың ақпанында құрылған. Оны Халықаралық олимпиада комитеті 1993 жылдың қыркүйегінде мойындады.