Саясат

Ұлттық кеңес ұлттың қамын ойлай ма?

Негізі, былтырғы сәуір айынан бастап еліміздің саяси жүйесінде бір «жылымық» басталды.

Ұлттық кеңес ұлттың  қамын ойлай  ма?

Дұрысы – Тоқаевтың  мемлекет тізгінін  қолға ұстаған кезден  бастап. Саясатта  да, экономикада да,  әлеумет пенмәдениет  саласында  да ілкі тірлікті сілкіп  тастап,сірне  болып сіресіп  қалған ескі жүйенің көбесін сөге  отырып, «қанжаңарту» шарасы жасала  бастады. Бірақсерпінді секірістер жүрді  десек, өтірікайтқанымыз. Алайда тасбақа жүріс  болсада, ниет  дұрыс. Ұлттық  қоғамдық сенім кеңесі, кадрлық  резерв, экономикалық реформалар орталығы т.б.  құрылымдар Тоқаевтың «төл»  туындылары. Бұлардың барлығы мемлекеттің  дамуына, қоғамның ашықтығына, экономикаға серпін  беруге, әлеуметтік  саладағы түйткілдерді  шешуге, халық пенбилік арасында диалог орнатуға деген ізгі ниеттен туындаған.

  Солардың ішінен   бөліп алып, тілге  тиек еткіміз келгені – Ұлттық кеңес.  Ертең  осы кеңестің үшінші отырысы қазіргі  жағдайға  байланысты онлайн түрінде өтуде. Таңдапалған  тақырыптары білім саласындамыту  болса керек-ті. Неге  тек білім, қазіргі  күні  өзекті болып тұрған өзге  дүние  жоқ па деген ой келеді. Әсіресе карантин кезіндегіхалықтың  қиын  тұрмысы, пандемияның  салдарымен күрес  дегендей… Ұлттық кеңестің  бұл  отырысыосындай  күйіп  тұрған өзекті мәселелерге арналуы тиіс  еді.  Амал қанша, кеңес  мұның  бәрін айналып өтіп, білім  жүйесін дамытуды талқыға салуда. Сонда халық пен  билік арасында «дәліз»  болады деген кеңестің  сиқы осы ма? Білімсаласының  басы  жарылып, көзі  шығып  жатқан жоқ. Керісінше,  тосын келген зауал – пандемиядан  тұралап қалған шағын  және  орта бизнес, аққа  аузы  тимей қалған халықтың бүгінгі өлдім-талдым күнкөрісі  отырыста сөз  болуы керек еді. Қысыл таяңкезден  қалай  шығудың жолдары  қарастырылуы тиіс-ті. Өкініштісі, олай  болмай тұр. Сонда Ұлттық  кеңестің ұлтқа,халыққа  жақын  болады дегені  қайда? Түсініксіз.   

Күлтегін БЕК, 

«Жас Алаш»

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз