Саясат

Ұмытпаймыз, кешірмейміз!

Алматыда ондаған адам түстен кейінЖелтоқсан мен Ганди көшелерінің қиылысындағы қалалақ прокуратура ғимаратыныңмаңында жиналды.

Ұмытпаймыз, кешірмейміз!

Олардың біраза марқұм Дулати Ағаділдің портретін көтеріпалған. Жиналғандар «Ұмытпаймыз, кешірмейміз» деп ұрандатып, прокуратурадан 22 ақпан күні Алматыдағы бейбіт митинг кезінде және оғандейін де ұсталып, қамалғандарға шыққан сот шешімін заңсыз деп танып, кемдегенде 18 адамды мерзімінен бұрын босатуды талап етті.

Жиналғандардың қатарында Демократиялықпартияны құрушы ынталы топтың жетекшісі Жанболат Мамай да болды. Олар ДулатАғаділдің өлімін тексеру үшін тәуелсіз қоғамдық комиссия құру керек деген талапқойды.  

Мұндай қарсылық акциясы Орал қаласы полициядепартаменті ғмимаратының алдында да өтті. Журналист Лұқпан Ахмедьяров жалғызадамдық пикетке шықты. Астаналық белсенділер ІІМ-не келіп, Дулаттың өлімісебебін түсіндіруді талап етті. Кейбір белсенді азаматтар жолды жауыптастамаұшы әрекеттерінен кейін ұсталып, кейінірек полиция бөлімінде оларды босатыпжіберді.

Дулат Ағаділ астаналық белсенді өткен түндеНұр-Сұлтанның тергеу изоляторында қаза тапқан болатын. Оның сол түні үйіндеұйықтап жатқан жерінен полиция қызметкерлері күштеп алып кеткен. Полиция дулатағаділдің жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеді. Оған себеп болған оның ішімдікішкені дейді полиция өз жауабында. Алайда, Дулатты білетін жандар белсендінің темекімен араққа әуестігінің жоқтығын айтты. Өзінің конституциялық құқын пайдаланып,бейбіт митингілерге шыққаны үшін Дулат соңғы үш ай ішінде жеті рет қамауғаалынған. Ол митингіге қатысушылардың үстінен жүргізілген қуыршақ сототырыстарынан тікелей он-лайн көрсетілімдер де жүргізіп тұратын. Оған рұқсатетілмеген митингілерге шақырды, сотты сыйламады деген айыптар тағылған. Дулат бұлайыптарды мойындаған емес.

Дулатты ақырғы сапарға ертең, 27 ақпанкүні, астана маңындағы Талапкер ауылының мешітінде қоштасып, шығарып салады.Алайда, көптеген белсенді азаматтардың ол жаққа қарай баруына полиция кедергікелтіріп жатыр.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз