Live

Вице-министр курьер болып жүрген сәбиі бар ана туралы сұраққа жауап берді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Виктория Шегай әлеуметтік желілерде қызу талқыланған фотосуретке қатысты пікір білдірді.

1

Суретте қолында емізулі сәбиі бар жас әйел арқасына азық-түлік жеткізу қызметінің үлкен сөмкесін асынып, аптап ыстықта көшеде кетіп бара жатқан сәті бейнеленген.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер вице-министрден бұл суретті көрген-көрмегенін және декреттік демалыстағы ананың курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуын қалыпты жағдай деп санай ма деп сұрады.

«Бұл фотосуретке қатысты пікір айту менің құзыретіме кірмейді. Біріншіден, оның нақты қай жерде түсірілгенін және қай қала туралы сөз болып отырғанын білмеймін. Екіншіден, декреттік демалыстағы ананың не істеуі керектігіне келсек, бұл отбасы бюджеті мен отбасылық қарым-қатынасқа қатысты мәселе деп ойлаймын. Сондықтан бұл жағдайға өз тарапымнан баға беру дұрыс болмайды», – деді Виктория Шегай.

Журналистердің айтуынша, сурет Алматы қаласында түсірілген.

Фотосурет жарияланғаннан кейін қазақстандықтар бірнеше күн бойы жас ананы іздеген. Қолында сәбиі бар, арқасына курьерлік сөмке асынған әйелдің аптап ыстықта жұмыс істеп жүрген сәті мыңдаған адамды бей-жай қалдырмады. 

Тегтер: курьер
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз