Зейнолла Идрисов спорттық гимнастикадан күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда күміс медаль жеңіп алды.
Идрисов финалда өз өнері үшін төрешілерден 14.133 ұпай алды. Бұл жүлде Қазақстан үшін аталған турнирдегі алғашқы медаль болды.
Осы бағдарламада Нариман Курбанов жетінші нәтиже көрсетті – 13.233.Хорватиялық Матео Зугеч жарыс жеңімпазы атанды – 14.166. Ал үздік үштікті 14.100 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Джошуа Нэтан түйіндеді.