Саясат

Жәкішев денсаулығы әлсіреп шықса да, полиция бақылауында болады

Семей қалалық №2 сотында мерзімінен бұрынбостандыққа шығу туралы «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтіңөтініші үшінші рет қаралғанда барып, қанағаттандырылды.

Жәкішев денсаулығы әлсіреп шықса да, полиция бақылауында болады

Яғни, аталған соттыңқаулысы бойынша М. Жәкішев 19-наурыздан бастап, бостандыққа шығатын болады.

Шындығы керек,әлемдегі  атом өндірісі саласындағы санаулы ғалымдар қатарындағыазаматтың абақтыдан босатылғанына жұрт жүрегі жарыла қуанды. Ал, бір жағынанбұл Қазақстан билігінің халықаралық ұйымдар алдындағы саяси рөлін құлдыратыпалмау үшін шарасыздықтан барған қадамы екені көзі ашық жанға түсінікті еді.

  Әу баста 14 жылға сотталған Жәкішевтің жазамерзімінің жартысынан астамын өтеп болса да, денсаулығын дерт меңдеп жағдайы ІІІтоп мүгедектігіне дейін құлдырап кетсе де бұған дейінгі екі өтінішінқабылдамаған соттың қадамын саясатпен байланыстырғандар аз болған жоқ. Яғни,Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әбләзовті кезіндекепіл болып, түрмеден шығуына себепкер болғаны туралы да ақпараттар жетерлік. Оныңүстіне биліктің жоғары эшалонындағылар қанша қаралап жатса да, Жәкішевтіңкешірім сұрамағаны оның тұлғалық қасиетін арттыра түскені даусыз. Оған тағылғанайыптың негізгі бөлігі «Қазатомпром» өндірісін құлдыратып, мемлекетке 99,6 млрдтеңге қарызын өтемегені екендігі бұған дейінгі сот отырыстарында айтылса да,жұртты оған сендіру мүмкін болмағаны тағы белгілі. Өткен жылдың 24-шілдесі күніЖәкішевті мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті судья Е. Шымыровқанағаттандырмай тастағанда залға жиналған Мұхтар Еркінұлын қолдаушылар судьяға«Ты, убийца!» деп ызалана айғайлағанына да куә болған едік.

  Сонымен, күні кешегі үшінші рет өткен сототырысы ақыры М. Жәкішевтің бостандыққа шығаруға әкеп сайды. №2 соттың төрайымыЖанат Әбенованың айтуынша, сот қаулысы 15 күннен кейін барып, заңды күшінеенеді. Ж. Әбенова сондай-ақ Жәкішев сот міндеттемелерін орындамағанжағдайда  оның темір торға қайтаоралатындығын ескертуді де ұмытқан жоқ. Сонда бұл қандай міндеттемелер дейсізғой?.. Мұхтар Еркінұлы бостандыққа шыққаннан кейінгі өзінің тұрақтымекенжайында үнемі болуы, ешқайда кетпеуі тиіс. Абақтыдан шыққан соң 5 жұмыскүні ішінде жергілікті мекенжайы бойынша полиция бөлімшесінде тіркелуі керек.Ішкі істер бөліміне жазбаша түсініктеме бермей, басқа жаққа баруынаболмайды. 

Тиісті заңталаптарына сай осындай жалпы саны 8 міндеттеме жүктелген Мұхтар Жәкішевтіңбостандықтан кейінгі өмірінде де еркіндігі шектеулі болатынын аңғару қиын емес.Әрине, түрмеден шыққан қандай айыпталушы болсын, бақылауда болатыны түсінікті.Алайда, ІІІ топтағы мүгедек, қан қысымын тұрақты ұстауы үшін тәулігіне 47таблетка қабылдайтын М. Жәкішевтің денсаулығы әлсірегенін көре тұра мұндайміндеттемелер жүктеу қаншалықты қисынды деген сұрақ еріксіз туындайды… Бұл,сөз жоқ, оны абақтыдан амалсыз босатқан атқарушы биліктің мұқатып қалған біршарасы болса керек.  

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз