Live

Жамбыл облысындағы жаңа фосфор зауытының жұмысшылары наразылыққа шықты

Жамбыл облысындағы жаңа фосфор зауытының жұмысшылары жаппай наразылыққа шықты. Бұл туралы журналист Нұрадин Рақай Facebook парақшасында жазды.

1

Оның айтуынша, еңбек ұжымында жағдай ушығып отыр: өтемақы төленбейді, жалақы мардымсыз, еңбек демалысына тиесілі қаржы кешіктіріледі. Сонымен қатар ішкі қауіпсіздік қызметі тарапынан қысым күшейгені де айтылған.

«Жаңа Жамбыл фосфор зауытында наразылық күшейді. Біреуі цехта, біреуі пеште жүргенде арнайы жасақ пен иттер кіріп келіп, қызметкерлердің шкафтарын тінткен. Рұқсатсыз тексеріс кезінде есірткі табылды деп 10-ға жуық адамды алып кеткен», - деп жазады журналист.

Жұмысшылардың айтуынша, тінту заңсыз жүргізілген. Олар куәгердің жоқтығын, жеке заттардың иесіз тексерілуін заңға қайшы деп есептейді. Кейбірі тіпті заттардың әдейі «салынып кетуі» мүмкін деген күмәнін де жасырмайды.

Бұған дейін зауыт жұмысшылары ел президентіне үндеу жолдап, жалақыны көтеру мен өтемақы төлеуді талап еткен еді.

Тегтер: ереуіл Тараз
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз