Жаңа қазақ ұлттық қозғалысының принциптері
Бүгінде қазақ ұлтшылдары қайтадан бір-бірімен қырқысып, ішкі және сыртқы жаудың барлығын жайратып тастап, өз-өзімен есеп айырысқысы келетіндей.
Майда-шүйде әңгімелерді сөз етіп, бір-біріне мін тағып, «менікі дұрыс, мені тыңдамағанның барлығы қазақ емес, қазақ жауы» деген сыңайдағы әңгімелер көбеюде. «Мен ғана оппозициямын, қалғандары биліктің жансызы» деген дүниелер көбейіп кетті. Ұлтшылдар арасында «мен ғана қазақ мүддесін қолдап-қорғап жүрмін, мені мойындамағандар «бандалыңдар» деген наполеоншылдық көзқарастар көбейіп келе жатқандай. Мұндай жағдайдың жақсылыққа апармайтыны белгілі. Жақсылыққа апармақ түгіл, мұндай жағдай осы кезге дейін қазақ ұлтшылдығы, қазақ ұлтшылдары мойындатқан ақиқаттардан, басып алған биіктіктерден, айта-айта көндірген компромистерден, қасарыса-қасарыса жасасқан шарттардан айырылып, кейін шегіну, тайшақтау, кешеуілдеу қаупі алдында тұр. Егер бүгінгі кейбір ағайындарымыздың бойындағы көсемсымақтық, ұшы-қиыры жоқ мансапқұмарлық, атаққұмарлық жалғаса беретін болса, онда тағы да ұтыламыз, тағы онсыз да тарихи аз уақытымызды жоғалтып аламыз. Қазаққа жау көп, сол жаудың жұмысы мен жүгін жеңілдетудің еш қисыны жоқ. Билікке жетпей, парламентке кірмей, партия құра алмай жатып жасап жатқанымыз осы болса, жетіскен екенбіз…Егер жоғарыда айтылған мәселелер орынды, қазақ ішінде осындай трендтер мен тенденциялар жүріп жатыр дегенді мойындаған болсаңыз, онда мықтап ойлану, жағдайды түсініп-түйсіну, мәмілеге келіп, тірліктеу-тіршіліктеу, әрекет ету жағына көшкеніміз дұрыс сияқты. Өз басым ойлана келе, қазақ ұлтшылдығына қатысты төмендегідей тезистер мен ойларды ортаға салып, шынайы, ашық талқы өткізу қажет деп тауып отырмын. Ұлт ісінде майда-шүйде деген болмайды десек те, бізге қажеттісі принциптер, стратегия мен тактика турасында ірі-ірі, кесек-кесек дүниелер бойынша келісімге келу керек деп санаймын.
- Қазақ ұлтшылы кімдер?
- Ұлтшылдар мен билік, бүгінгі саяси режим.
- Ұлтшылдар мен «оппозиция».
- Ұлтшылдардың ең үлкен кемшілігі мен қателігі.
Айдос Сарым, саясаттанушы
Фото: facebook.com
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.