«Жас Алашқа» көзқарасым ерекше
Бағана«Жас алаш» газетінен ежелгі танысым, сыйлас азамат телефон соғып, бірәңгіме беруімді сұрады.
Шығармашылығым туралы жақсы пікір білдіріп, болашақтасізбен көлемді сұхбат жасамақ ойымыз бар дегенді де қосып қойды…
Кейінгікездері белгілі себептерге байланысты «Жас алашпен» шығармашылықбайланысымды үзіп алғаным болмаса, бұл басылымға деген көзқарасым да, құрметімде ерекше. Менің әңгімелерімнің тоқсан пайызы алғаш осы «Жас алаш»газетінде жарияланды. Маған ерекше қолдау көрсетті. Сол үшін де «Жасалашқа» қарыздармын, айтар алғысым да шексіз. Тіпті Әмірхан Меңдеке ағамбасылымда бас редактордың орынбасары болып отырған кезде «Думан, жаңажазған әңгімеңді „Жас алашқа“ беруің керек. Егер басқа басылымнанкөріп қалсам, қатты ренжимін. Себебі сенің әңгімелерің оқылымды келеді. Жұртоқиды. Ал бізге оқылымды дүние керек!» дейтін. Сонан кейін жынды емеспінғой, жаңа жазған әңгімемді бірден «Жас алашқа» жіберетінмін. Әмірханағам көп ұзамай жарқ еткізетін. Шыға сала рахмет айтып хабарласамын. Әмірханағам «Бізге рахмет айтудың керегі жоқ, қайта шығармаңды бізге бергеніңүшін біз саған рахмет айтуымыз керек» деп көңілімді көтеріп тастайтын.
Өкінішкеорай сол байланыс белгілі себептерге байланысты аз уақытқа үзіліп қалды. Кейдеойлаймын, оған өзімнің де кінәм бар шығар. Мінезім тік әрі ешқандай басшыныңалдында жарқанаттай жалпылдағым келмейді. Біреуден сәл салқындықты сезінсем,көңілім қалып қояды, мүлде жоламай кетемін. Байланысты қиып тастаймын. Өйткені, ешкімге күнім түсіп тұрған жоқ. Құдіреті күшті Құдайдан тілейтінім десол!
Басшыларыменренжісіп, «сендер отырғанда шығарма ұсынбаймын» деп өзіме-өзім уәдебергенде де «Жас алашым» туралы бір ауыз жаман сөз айтқаным жоқ.
Басшыларкеледі-кетеді, «Жас алаш» шыға береді.
«Жасалашым» жасай берсін!
Думан РАМАЗАН
Фейсбуктегі парақшасынан алынды