Қоғам

Жемқорлықпен күрестің жаңа түрі сексоттарды дайындамай ма?

Жемқорлықпен күрестің жаңа түрі. Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы АликШПЕКБАЕВ енді бұған барлық қазақстандықтарды жұмылдырмақшы екен.

Жемқорлықпен күрестің жаңа түрі сексоттарды дайындамай ма?

2015 жылы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢбастамасымен «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылбағдарламасын әзірлеткен. Жоғарғы оқу орыны, бизнес, мемлекеттік қызмет, құқыққорғау, мемлекеттік сатып алу бойынша бес бағытта жемқорлыққа соққы береміз депкүпінген. Жалпы, бұндай бағдарламалар Қазақстанда аз қабылданған жоқ. Билікөзінің жемқорлықпен күрестегі жұмысына көңілі толатын сынды. Былтыр Мемлекеттікқызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныңорынбасары Олжас БЕКТЕНОВ Ауғанстанның бас прокуроры Мұхаммед Фарид ХАМИДИМЕНкездескенде өз тәжірбиелерін бөлісуге дайын екенін айтқан-ды.

Жуырда үкімет жемқорларды аулауға барлық азаматтардыжұмылдырып тастамақшы екен. Қалай дейсіз ғой? Жемқорлық фактісін хабарлағанадам параның 10 пайызын сыйақы ретінде алатын болады.

Шпекбаевтың айтуынша, жемқорлық жайлы ақпарат берген адамсыйақысын сот үкімі шыққан соң ала алады. Сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгедейін жетеді екен.

Әсілі, қоғамның дертіне айналған жемқорлықтың жойылуынабарлық қазақстандық мүделі. Алайда бұл жаңа тәсіл совет кезіндегідей СЕКСОТТАРармиясын жасақтап шықпай ма?

Фото: proza.ru

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз