Қоғам

Жетісу облысында көлік нөмірін әдейі жапқан жүргізуші жауапқа тартылды

Жетісу облысында көлік нөмірін әдейі жапқан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Құқық бұзушы көршілес өңірдің 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полиция

Ол Toyota Camry автокөлігімен Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы бойымен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөміріндегі цифрлардың бірін әдейі жауып қойған. Жүргізушінің бұл әрекеті бейнебақылау камералары арқылы тіркелді.

Заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын жедел анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Енді оған бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз