Жігерсіз жасық құлға айналып барамыз ба?!
Аты жаман тұмаудан абдырап, карантиндеқол-аяғымыз еріксіз тұсауланып қалған тұста бір видео барша қазақты қақмаңдайынан ұрғандай есеңгіретіп тастады.
Шығыстан көтерілген Күндей нұр шашқанөткір пікірлерімен талайымызды тәнті еткен Серікжан Біләшұлы бауырымыз Қытайвеб-сайтында жарияланған жан күйзелтер бір мақаланы көпшілік талқысына салды.Қытайша және басқа да бірнеше тілді жетік меңгерген ұлтжанды азамат егемен елімізгезор қауіп төніп тұрғанын төрткіл дүниеге түгел жеткізе айтты. Тың Шан дейтінқытайлық журналистің сандырақ мақаласын толығымен сөзбе-сөз аударып берген олар-ожданын аяққа таптатпау үшін жанын садақа етуге даяр тұра алатын әр қазаққаүздіге сөйлеп, үндеу тастады.
Төбе шашыңдытік тұрғызар мақаланың «Қазақстанды Қытайға қашан қосып аламыз?» деп аталуыныңөзі өмір тарихында талай сұмдықты бастан өткеріп, әбден шыңдалған халқымыздықорлаудың ең сорақы түрі болмақ. Бәріміз бірнеше рет қайталап көріп үлгергенбұл видеодағы мақаланы жіліктеп берудің қажеті жоқ. Сіз бен бізге керегі дәлосыдан кейін халқымыздың аты қалай болмақ? Өйткені мақала авторы өзінше ойлапқана қоймай, болашағымызды болжап та үлгеріпті. Оның айтуынша, қазақтар әубастан-ақ ауыл-аймағымен, бота-тайлағымен біржолата Қытайға қосылуды жөн көредіекен. Бұға берсек сұға беретін қиғашқабақтар тіпті «коронавирус індеті Америкаәскери алпауыттарының қаржыландыруымен Қазақстанның Алматы қаласы мен Жамбылоблысындағы арнайы зертханаларында жасап шығарылған» деген жалалы мақала жаздығой. Ал енді дәл осыдан соң бүкіл әлем жұртшылығы бізді қалай деп, кім депқабылдамақ?!
«Айтылған сөз– атылған оқ». Аждаһаның аузынан шыққан от жебе жанымызды күйдіріп,қабырғамызды қақырата сөге бастады. Ендігі тұста жау жебесінің уыты денемізгетүгел тарағанын күтіп, маужыраған қалпымыздан дүр сілкіне тұрмасақ, інінетығылған тышқандай арам қатамыз. Жер шарын жайлаған пандемиялық індеттенАлланың қалауымен аман-есен айығып шығармыз. Ал өздерінен бас көтерген жаман тұмаудыбізге теліп, жала жапқан дұшпанның түпкілікті арам ойы ертең жүзеге асса,жеріміз не болмақ, еліміз қалай аталмақ? Апыр-ай, сонда біз құрбандыққа шалынарқой ғұрлы тұяқ серпуге де шамасы келмес жігерсіз, жасық құлға айналып барамызба?!
Серікжан Біләш айтпақшы,төнгелі тұрған тажалға тосқауыл болар бір тың амалды бүгін таппасақ, ертеңболашағымызды нұрландырар балаларымыздың бодандық қамытын қайтадан мойынғаілмесіне кім кепіл бола алады.
«Жау жағаданаларда, бөрі етектен тартпасын» деп тілейік. Ащы шындықты ақтарыла айтқанотандас бауырларымызды дұшпан санамай, намыс қайрағына жігерімізді жанып, күрмеуікүрделеніп бара жатқан бұл мәселені ел болып шешудің жолын іздегеніміз жөнболар. «Жақсы сөз – жарым ырыс», тарихымызда талай сыннан сүрінбей өтіп,тектілігін танытқан ата-бабамыздан қалған баға жетпес байлығымыз – туғанжеріміздің көркейіп, кемелдене түскенін көруді бұйыртсын Жаратқан Ием!
Шаншархан АЛАШ,
журналист