Live

Жүздеген қазақстандық Ресей басып алған аумақтарға қоныс аударған

Өзін «Луганск халық республикасы» деп атайтын құрылымның ІІМ дерегінше, Қазақстан азаматтары Луганск облысында миграциялық есепке алынған.

1

Жергілікті мәліметке сай, жыл басынан бері бұл аймақта 6,5 мыңнан астам шетел азаматы тіркелген.

Мигранттардың басым бөлігі Өзбекстаннан – 5,5 мыңнан аса адам. Сондай-ақ Әзербайжаннан – шамамен 1,1 мың, Украинадан – 1 мыңға жуық, Тәжікстаннан – 650, Армениядан – 549 адам тіркелген. Қырғызстаннан келгендердің саны 500-ге жуық болса, Қазақстаннан 200-ден астам адам Луганск аумағында есепке тұрған.

Еске салайық, 2022 жылдың маусымында Тоқаев Қазақстанның «квазимемлекеттік құрылымдарды» мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

Тегтер: Ресей
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз