«Ақылды аялдамалар»

Сайт әкімшілігі

21.11.2020, 17:58

70

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Қала әкімі М. Әйтенов цифрландыру басқармасының алдағы даму жоспарын тыңдады. Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов саладағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жобаларын баяндады.

Мегаполисте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру 5 негізгі бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қосымша 6 бағыт бойынша жүзеге асуда.

Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі (ИТС) қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе қолға алынып отыр.

Осы жұмыстардың нәтижесінде көше қиылыстарындағы көлік қозғалысының тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы сынды оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, жиында «Ақылды аялдамалар» жобасы таныстырылды. Бүгінде қалада аялдамалар жаңартылуда. Алайда бірде-бір аялдамада қоғамдық көлік қозғалысының уақыты, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген ақпараттық тақта орнатылған жоқ.

Басқарма басшысы осы бағытта ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, әр аялдамада ақпараттық тақта орнату, қоғамдық көліктің GPS трекерлерін 2GIS, Yandex, Open Shymkent қосымшаларымен біріктіру көзделуде. Сондай-ақ, Ә. Әбдіраханов тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік карталары мен Shymkent Bike велосипед жалға алу жүйесін интеграциялау қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33