Күштінікі – диірмен тартады

Миуа БАЙНАЗАРОВА

20.10.2020, 04:13

1240

Жақында Сырдария ауданы Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы диқандар шу шығарған болатын. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсенбаевтың айтуынша, екі кәсіпкердің арасындағы бұл кикілжіңнен халық ешқандай қиындық  көрген жоқ. Жергілікті тұрғындардың «ұпайы түгел» деп сендірді әкім. Әкім солай десе де диқандар көктемде басталған дау, егін орып аяқталуға таяса да әлі шешімін таппай, жаздай еңбегі мен қыруар қаржылары кетіп, қарызға белшеден батқандарын айтады. Ашудан булыққан екі жақта аудан әкімдігінің күрішті орып, уақытша қоймаға жинауға да келіспей отыр. Аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы: Бұл дау көктемде басталған, «Азамат» шаруашылығының төрағасы «А.Тоқмағанбетов» ЖШС-на қарасты 105 гектар жерге техникасын кіргізіп, егін егуді бастап кеткен болатын. Бұған ауыл тұрғындары қарсы болды, аудан әкімі құқық қорғау органдары, біреудің жеріне заңсыз егін егуге болмайтынын түсіндірген-ді. Сол кезде Ысқақов егін егуді  тоқтатқан болатын. Шаруашылық директоры болған Меңдіғали Есжанов құрылтайшыларға ескертпей, олардың келісімін алмастан, 105 гектар жерге егін егуге рұқсат берген. Бұл дау егін жинар алдында қайта көтерілді. Өйткені Мадияр Алдоңғаров берген рұқсатнама заңсыз деп танылды. Тұрғындарды өзара келісуге шақырды. Дегенмен екі жақ келісімге келе алмады. Күріш орылып болғанша, дән түсіп қалмау мақсатында екі жақтың азаматтарына тағы да ұсыныс білдірді. Сырдария әкімінің айтуынша, шаруашылық құрылтайшысы Мадияр Алдоңғаров жұмсаған қаржы құжаттарын көрсеткен адамдардың шығындарын өтеп беруге  дайын  көрінеді. «Төлеп беремін» деп отыр. Ауыл  ақсақалдары келесі жылдан бастап, Мадияр Алдоңғаровпен бірге бір шаруашылықта жұмыс істегісі келмейтіндерін де жеткізді. Жыл соңында шаруашылықтың жалпы жиналысы ұйымдастырылып, бұл мәселе қаралатын болды. Алайда бұл – тек соттың шешімімен ғана шешілетін мәселе. Әйтсе де екі жақ әлі де сотқа жүгінген жоқ. Сонда кәсіпкерлер нені күтіп отыр. «Даудың басы –Дайрабайдың» көк сиыры демекші, бұл даудың аяғы ұзаққа созылатын сияқты. Аудан әкімі  Талғат Тұрсынұлының сөзі жай айтылған әңгіме сияқты болып көрінді. «Басы ауырмағанның Құдаймен несі бар?» демекші, әкім үшін келіп-кетер ешнәрсе жоқ сияқты. Десек те, бұл дауды шешетін биліктің қарасы көрінер емес. Бір айдан бері кәсіпкердің жұмысын тоқтатып тастаған аудан әкімі, аудан прокурорына облыс  прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев пен  облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қосылды. Сыртта жүретін  Мадияр Алдоңғаров егістіктің басына қарулы күзетпен келіп, халыққа оқ атып, елдің үрейін ұшырды. Көлікпен адам қағып, ойларына келгенін істеді. Халық қатты ашынып отыр. Ал егіс даласында қарулы адамдарды көрген құқық қорғау органдары неге шарасыздық танытқанына еріксіз таңғаласың.

Биылғы жылдың 11 қазанында Сырдария ауданындағы Асқар Тоқмағанбетов ауылындағы күріш егістігінде «Тоқмағанбетов жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі егістікті Аzamat Security Group күзет агенттігінің  қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының арасында жанжал туындап, арты атысқа ұласты. Егістік күзетшілеріне күш қолданып, күзетші қызметтік травматикалық  қарумен аспанға бағыттап, оқ атылды. Күзетшілердің автокөлік жүргізушісі адам  қақты. Билік бұл «екі кәсіпкердің арасында туындап отырған дау» деп отыр. Бірақ оның арасында әйелдер мен бала шаға не істеп жүр? Әкім Талғат Тұрсынұлының  айтқан сөзін тыңдап жатқан ешкім жоқ, оның айтқан сөзі, тіпті кішкентай балаға да жүрмейді. Бірақ «күштінікі – диірмен тартады» деген сөз бар емес пе? Әкім мықты болса, ауылдың халқының тыныштығы неге бұзылды. «Асқар Тоқмағанбетов Жер» ЖШС егістік алқабындағы даулы мәселе Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен шешімін тапты деп отыр. Алайда «Асқар Тоқмағанбетов Жер» ЖШС-сы  жарғылық қорының 90 пайызының иесі А.Бисенбайдың сенімді өкілі М.Алдоңғаров елдің ауызбірлігі үшін келісімге келген көрінеді. Ал 105 гектар жерге егілген күрішті «Азамат» шаруа қожалығының төрағасы А.Сқақов жинап алатын болды. «Біреуге – мал қайғы, біреуге – жан қайғы» демекші, «Үрлеп ішіп, шайқап төгіп» жүргендер ешкімді де аяр емес. Биыл біткен дау, келесі жолы қайта тұтануы әбден мүмкін. Әйтсе де инвесторлардың дені жұмыс істеуге ниеті жоқ екені айтпаса да түсінікті болар. Сыр елінің азаматы М.Алдоңғаровтың бейбітшілік заманда «мал ашуы» деп елді дүрліктіргенін қалай түсінуге болады?!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51