«Қасымның тағдыры бұрмаланған»

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

19.02.2021, 09:41

7241

Арада 110 жыл өткенде, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жайында шындық  тағы ақтарылды. Тағы деуіміздің себебі, осыдан 10 жыл бұрын  Қасымның  ғасырлық мерейтойы туған жерінде тойланғанда, жыр жаухарының шынайы өмірі туралы көнекөз  ақсақалдар тың  мәліметтер  айтқан болатын. Бірақ, оны зерттеуге ешкім құлық танытпағандықтан, жабулы қазан күйінде  ұмыт қалды.  Ал,  құнды мәліметтен хабардар еткен кезінде   ақынның әке-шешесімен ағайындай айналасқан  адамдардың  ұрпақтары еді. Сол шежіре шалдардың соңғы  көзі тірі буыны  біздің әңгімеге  өзек жалғаған кейіпкеріміз.

(Қасым Аманжоловтың кіндік шешесі Шәрипә Садыққызы) 

            Дәулетқазы Мұқадиұлы Қарақарлы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық округі, Сарыобалы ауылында тұрады. Осы өңірде  өлкетану ісімен айналысады.  Қасым жоғарыда айтқан  ауылда дүниеге келген.  Дәулетқазының   әжесі   Шәриә Садыққызы Қасымның кіндік шешесі болған. Жергілікті өлкетанушы   Қасымның күні бүгінге дейін бұрмаланып келген тағдырына налиды. Қасым Аманжолов  хақында қалам тербеген жазушылар шығармаларында  үнемі  ақынның жұпыны тірлігі мен жоқшылыққа шырмалған  аянышты тағдырын   баяндаған. Бақсақ, ақынның тағырынан беймақұрым, туған жерін білмейтін   қаламгерлердің туындысы мифтен құралған  фантазия екенін  енді аңғарып отырмыз.  Мұны  өлкетанушы былай баяндайды:  

— Нағашы әжем Қасымның кіндігін кескенде,  Рақымжанның әулеті оған   екі күміс сақина және осыншама білезік тарту еткен. Ол заманда мұндай қымбат бағалы  сыйлықты ауқатты адамдар  жасаған.  Кейін құнды  сақинаны әжем  анама қалдырды. Шәрипа апам өмірінің соңына дейін анамның күтуінде болды. Жасы 93 ке толғанда, 1979-жылы  өмірден өтті.  Сапасы сын бермейтін күміс әшекей қазір менің меншігімде.  Маған ол құдты Қасымның көзіндей көрінеді.  Айтпақшы, болашақ ақын туғанда әжемнің  жасы жиырма бірде болған екен.  Ол тұста, сәбиді  дүниеге келтіруге  елге сыйлы орта жастағы  әйелдер атсалысақан.  Рақымжанның  әулеті   Шәрипәдай үлбіреген келіншекті бекер таңдамаса керек.  Себебі, әжем Сыпатай болыстың қарындасы әрі бұл өңірде  Меккеге  екі мәрте сапар шеккен   Төребай қажының келіні болған.  Демек, бабалардың жолын ырым еткен   Қасымның ата- анасының көкейінде   тектілердің ұшқыны  перзентімізге  жұғысты болсын деп ырымдаған болуы мүмкін,- дейді Дәулетқазы Мұқадиұлы.

(Рақымжанның кіндік шешеге тарту еткен  күмістен жасалған зергерлік бұйымы)

Қасым текті әулеттен тараған ұрпақ. Әкесі Рақымжан дәулетті тұрмыс ұстаған. Сал-серілердің дәстүрімен қымбат матадан киім киіп, арғымақ мініп, құс салып, бүркіт баптаған.  Кісілік, мәрттік қасиеттен және кенде болмаған. Байлығының белгісі, «Тайжүзген» деген сабаға қымыз ашытқан.  Бөлменің төрт бұрышына қойылған төрт сабаны  төрт жігіт піскен. Оларға  еңбектерінің өтілі ретінде жібек көйлек пен бір тақта шай таратылып отырған.  Ал, иіні қанып піскен  күбідегі  қымыздан  ауылдағы  мұқтқыл  жұрт  дәм татқан. Жиен немеренің айтуы бойынша, Рақымжан топқа барғанда,  астындағы атын жібек матамен жүгендеген.  Ауылға қайтарда, бағалы матамен маталған аттың шідер  бауын сол араға тастап кететін болған. Бірақ, Қасым  өз заманында  ықпалды тұлға болған  әкесінің шалқыған бай-дәулетін  көрмеді, жүрек жылуын сезбеді.  Ақын небары екі жаста әкесінен жетім қалды.   Рақымжанның төрт әйелі болған.  Қасым  кенже тоқал- Айғаншадан туған.  Шаңырақ иесі  қайтыс болғанда, оның дүние-мүлкін төрт әйел талан-таражға салған,  қалған олжаға ағайын- туыс ортақтасқан.  Осылайша, айтулы әулеттің   байлығы 1917 жылға дейін түгесіліп біткен.  Осы кезде  әкесіз қалған Қасымды туысқан ағасы Ахметжан Семейге алып кетеді.  Ахметжан ғылым-білім жолын ұстанған  көзіқарақты кісі  болған.   Аймандай  ақын бақытына қарай,  Сталиндік зобалаң жылдардың кесапатынан  аман қалды.  Егер біртуар қаламгердің әкесі қуғын-сүргін жылдары тірі болғанда, бәлкім Мағажанның кебін киюі неғайбыл еді.  

Қарақаралыдан шығып, өр өлеңдерімен қазаққа мәшhүр болған ақын Қасым Аманжолов жайында  шынайы  соңғы дәлел осындай.  Демек,   оқырманды алжастыратын қиялдан  құрастырылған  ақынның өмірбаянын түзеп, күзейтін уақыт келді дейді, Қасым ауылының өлкетанушысы. Ендігі шаруаны мүйізі қарағайдай қаламгерлердің еншісіне  қалдырайық.

Тегтер: тарих тағылым руханият пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29