Шығыста «қосылғыштар» орын алмасып жатыр

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

27.01.2021, 18:10

1468

Семей қаласының әкімі қызметіне Ұлан ауданының әкімі болған Нұрымбет Сақтағановпен ілесе келген әкім тағайындаулары әріқарай да жалғасты. Шындығында облыс әкімі Даниал Ахметовтің биылғы кадр ауыстыру жүрісі Шығыс Қазақстан облыстық Тұрғынүй-коммуналдық шарушылығы басшысы қызметін атқарған Дәулет Батырбаевты қызметінен босатудан басталған еді.  Дәл қазіргі уақытта Батырбаевтың қай жаққа «ат ауыстырғаны» беймәлім. Алайда, оның орнына тағайындалған Алмат Ақышовтың осы қызметке келуі әлеуметтік желіде желдей есіп қоя берді. Желі қолданушыларының дені оның бұл салға қалай келгеннінен бұрын еңбек жолын қалай бастағанына бас қатырып әлек болды. Өйткені, Алмат Талғатұлының өмірбаянына қатысты деректе еңбек жолын елордадағы «Қазақстан концерт залы» әкімшілік –шаруашылық бөлімінде билет бақылаушы болып бастағаны бірден көзге түседі. Одан анығы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ін туризм мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын өңірлік даму магистрі біліктілігі бойынша тәмәмдаған екен. Одан бөлек те бірқатар билік биігін бағынлдырған жайы бар. Тек, 2018-2020 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы болғанына зер салсақ, оның жақында ғана Семей қаласының әкімі болып тағайындалған Н. Сақтағановпен де бірге үзеңгілес болғандығы байқалады. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап бір жыл бойы Аягөз ауданы әкімінің ТҮКШ жөніндегі орынбасары болғандығы оның осы салаға кездейсоқ келе салмағандығына кепіл болатындай көрінеді. Ақышевтің дәтке қуат етер басты «көзірі» — ҚР Президенті жастар кадр резервінің мүшесі болғаны ғана. Ал, астарына бойлай үңілсек, облыстың тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған екі «дөкей» Даниал Ахметов облысты басқарған 7 жыл ішінде абақтыға аттанып кеткен болатын. Ақышевқа дейін басшылық еткен Батырбаевтың да қазір қайда кеткені жұмбақ болып тұр.

  Ал, аудан әкімдерінің ауысу жайына келсек, бұған дейін Катонқарағай ауданын басқарған Ренат Құрмамбаев Семейге кеткен Сақтағановтан «бұйырған» Ұлан ауданының әкімі болып тағайындалды. Қызығы сол, Ренат Тілеуханұлының бұл ауданға әкім болып тағайындалуы өзінің 40 жасқа толуымен қарайлас келді.  1980 жылы 25 қаңтарда Катонқарағай ауданында дүниеге келген оның «Инженер-педагог» және «заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Аудандық әкімдіктің дәлізін талай «шаңдатқанын»  Катонқарағай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі мәдениет бөлімінің бас маманы лауазымында бастап, әкімдік аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарғанына көруге болады.  2014 жылдан Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы, сондай-ақ әкімнің орынбасары болған Құрмамбаев

2019 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Катонқарағай ауданының әкімі болған.

 Ал Құрмамбаевтың «креслосын» басқан Ділдар Қалиқанұлын аудан әкімдерінің ішіндегі «сүт кенжесі» деуге болады. «Кенже» болғандықтан да шығар, оны өткен аптаның сенбі күні аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, Семей әкімінен бұрын ресми тағайындап жіберді. Жерлестеріне облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев таныстырған Ділдар әкім 1985 жылы 17 қыркүйекте Катонқарағай ауданы, Коробиха ауылында дүниеге келіпті.  Алматы Экономика және статистика академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген оның еңбек жолын «Дамир» шаруа қожалығының басшысы қызметінен бастағанына қарап, Ақышав сияқты билет бақылаушысы болмағанына шүкір деуге болатындай. Бес жыл бойы "Үш Бұлақ" ЖШС басшысы болған Ділдәр 2012 жылдан бастап ШҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, кейін ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.

2014-2017 жылдары аралығында Зайсан және Катонқарағай аудандары әкімдерінің орынбасары лауазымында еңбек еткенін ескерсек, ең жас әкімнің өзі жергілікті атқарушы биліктің ықпыл-жықпылын, қалтарыс-бұлтарыстарын күні бұрын біліп отыруға ысылғандай көрінеді.

  Арифметикалық ұғымда «Қосылғыштар орынын ауыстырғанымен, қосынды өзгермейді» деген ұғым барын меткеп жасындағы балалар беске біледі. Сол сияқты, облысты 7 жылдан бері билеп-төстеп келе жатқан Даниал Ахметов қай шенеунікті қай салаға, қай әкімді қай ауданға апарып тағайындаса да «қосынды өзгермейтіндігіне» Шығыс жұрты осы жолы да осы тағайындаулар арқылы көз жеткізді.

Тегтер: әкім жергілікті басқару тұрғындар халық жүйе жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02