Шымкентте аудан әкімдері есеп беріп жатыр

Сайт әкімшілігі

15.10.2020, 10:06

39

Биылдың тоғыз айында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылым, сондай-ақ құрылыс саласында айтарлықтай даму бар. Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады.

Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске қосылғаннан кейін 548 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы, осы нысандардың құрылысына 4 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Бүгінде қалған 11 нысанның құрылысы жалғасуда. Олардың арасында орталық «Қырғы базар» мен «Дархан» базарын қайта жаңғырту жұмыстары бар. «Дархан» базарындағы күрделі құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарына «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 100 млн. теңге субсидия бөлінген.

Есеп беру кезінде Ғабит Патшаханұлы қала әкіміне көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, тұрғын-үй коммуналдық шарауашылықты дамыту, жолдарды жөндеу, шалғай елді мекендерді көркейту және қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56