29.09.2020, 07:22
405
Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге «Төлем» электронды билет жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.
Электронды төлем жүйесін енгізу «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестиция есебінен атқарылуда. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд. теңге. Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға қойылады. Жалпы 15 қазаннан бастап төлем жүйесі енгізіледі. 1 қарашаға дейін жолаушылар төлем картасы және қолма қол төлеуге мүмкіндігі бар. 1 қарашадан бастап, карта арқылы -70 теңге, қолма қол төлеу -100 теңге болады.
-Бұл жобаны көптен күткен едік. Шымкент қаласындағы қоғамдық көлікті модернизациялау бірнеше компоненттерден тұрса, соның бірі электронды билет жүйесі. Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, қалалық бюджетке түсімдерді арттыру, жолаушылар ағынының таралуы бойынша нақты статистикалық есебін беру, нақты деректер арқылы әлеуметтік мәні бар маршрутарды субсидиялау, – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Қоғамдық көлікте төлем жасау үшін электронды карталардын 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларына, студенттерге және жеңілдіқтерге арналған карталар.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР