Шымкентте «Төлем» карталары таратылып жатыр

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:54

1186

Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру бойынша «Төлем» жүйесі енгізілген болатын. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынған жүйенің даму бағытын бақылау мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов сала мамандарымен жиын өткізіп, бүгінге дейінгі атқарылған жұмыс барысының есебін тыңдады.

 «Tolem» электронды билеттендіру жүйесінің валидаторларын қосу жұмыстары аяқталып, қала тұрғындарына карточкалар таратылып жатыр. Қазіргі таңда 31000-нан астам карта сатылып, 65000 данадан астам жолаушыдан транзакцияланған.

Тұрғындарды тіркеу және сатып алу, пайдалану бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, күніне 150-ден астам қоңырауға жауап беретін Саll-орталық жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, жеңілдікпен жүру мүмкіндігі қарастырылған ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгі иелеріне және І — топтағы көру қабілеті нашар жандарға көлік карталарын тіркеу жалғасуда.

Жеңілдікпен жүретін азаматтарға карталарды тіркеу мақсатында Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардан қажетті мәліметтер қабылданып, базаға енгізілуде. Процестің тиімділігін арттыру мақсатында 2 қарашадан бастап Telegram-бот арқылы өз бетінше өтініш бере алу мүмкіндігі іске қосылады. Картаға өтінім жіберіліп тіркелген соң, ол жасалып, оқушылар үшін оқу орнына, жеңілдетілген тұлғалар үшін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайдалануға дайындалып, жеткізіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:00
КВИ: Бір облыс қайта «қызыл аймаққа» енді, 13 адам қайтыс болды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 10:20
Полицейлер өмірден өткен әріптесін еске алды
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 16:24
Нұр-Сұлтанда тұрғындардың 65% - дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды
Сайт әкімшілігі 08.12.2021, 15:00
Нұр-Сұлтанда КВИ-мен ауырғандардың саны азайды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.12.2021, 14:35
"Өлгім келеді". Теміртаулық өзін-өзі өртеп жібермек болған
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08.12.2021, 13:30
Полиция заң бұзған 263 шетелдікті анықтады

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    08.12.2021, 12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00