Тараз қаласында "Biz birgemiz" атты монумент ашылды.

Сайт әкімшілігі

08.12.2020, 12:49

304

«Тараз қаласында «Biz birgemiz» атты монумент ашылды. Композиция – жер планетасы түрінде жасалған. Оның айналасында түрлі мамандық өкілдері – дәрігерлер, полиция қызметкерлері, еріктілер, құтқарушылар, әскери адамдар орнатылған. Олар коронавирустық пандемиямен күресте алдыңғы шептен табылғандар. Ескерткіштің жоғарғы жағында бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін қарлығаштармен қоршалған шаңырақ орналасқан» делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Монументтің ашылу салтанатында:

— Ашаршылық, соғыс және қуғын-сүргін кезінде ата-бабаларымыз түрлі ұлт өкілдеріне құшақ ашып, қол ұшын созды. Сондағы халықтың бірлігі қиын кезеңдерді өткеруге көмектесті. Биылғы жыл бәріміз үшін ауыр болды. Бұл кезеңде де халқымыз өзінің ең жақсы қасиеттері – бірлік пен ынтымағынан тайған жоқ. Осы ескерткіште көірініс тапқан маман иелерінің күшімен біз жағдайды тұрақтандыра алдық. Бұл әсіресе өз денсаулығына төнген қауіпке қарамай күндіз-түні жұмыс істеген дәрігерлерге қатысты. Өкінішке орай, біз олардың кейбірінен айырылып қалдық. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілер туралы да айрықша атап өткім келеді. Осындай жастарымыз бар кезде, біз ертеңгі күнге сеніммен қарай аламыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Ал ерікті, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек:

— Пандемия біздің бір-бірімізге көмектесу жолындағы берік бірлігімізді көрсетті. Біз, еріктілер, облыс жастары осындай сын сәтте шетте қала алмадық. Кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмектер жеткіздік. Біз ол үшін ешкімнен ешқандай қайырым күтпейміз, бір ғана «Рақмет» деген қарапайым сөз бізді шабыттандырады, — деді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Biz birgemiz» монументінің орналасқан жерінің таңдалуы да тегін емес екенін айтты. Жалпы, жоспар бойынша алдағы уақытта монумент ашылған осы аумаққа 14-ші ықшам ауданы салынып, бірнеше тұрғын үй, медициналық мекемелер бой көтереді. Ал монументтің өзі Тараздың көрікті жерлерінің біріне және қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. Бұл монументтің Тұңғыш Президент күніне орай ашылғанын айта кетейік.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 08:50
Әупірімдеп жүріп соңғы сатыдан көтерілді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.04.2021, 13:43
Семейліктер ескі мен жаңаның ортасында жүр
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.04.2021, 13:34
Мақсатымыз – білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.04.2021, 16:37
Балқаштағы ұшақ апатының салдары мәлім болды
Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 21.04.2021, 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 21.04.2021, 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25