Қоғам

Францияда Илон Маск пен X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу басталды

Париж прокуратурасы америкалық кәсіпкер Илон Маск пен оның X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу бастағаны белгілі болды.

Маск интернет

Бұған дейін Маск іс бойынша жауап беруге шақырылғанымен, тергеуге келмеген.

Le Monde басылымының мәліметінше, алғашында іс X платформасының өзіне қатысты қозғалған. Франциядағы компания кеңселерінде тінту жүргізілген.

2025 жылдың сәуірінде Маск Париж прокуратурасына жауап беруге келмеген соң, оған және X компаниясының 2025 жылдың жазына дейінгі бас директоры Линда Яккариноға қатысты жеке іс қозғалған.

Француз прокуратурасы X платформасының алгоритмдерінің жұмысына байланысты тергеуді 2025 жылдың қаңтарында бастаған. Ал ақпанда әлеуметтік желінің Франциядағы кеңсесінде тінту өткен.

Тергеу аясында Илон Маск пен Линда Яккарино 20 сәуірге жоспарланған жауап алуға шақырылған. Маск бұл жағдайды «саяси шабуыл» деп атады.

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз