Live

АҚШ өзбекстандықтарды ауыл шаруашылығы жұмысына тартпақ

Өзбекстан азаматтары енді АҚШ-тың ауыл шаруашылығы секторында H-2A бағдарламасы арқылы 10 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бола алады.

Р

Бұл туралы АҚШ-тағы USA Farm Labor компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Мануэль Фик Ташкентте өткен алғашқы халықаралық көші-қон форумында мәлімдеді. Ақпаратты Өзбекстан СІМ-ге қарасты «Дунё» басылымы таратты.

Компания өкілінің айтуынша, бұл бастама Өзбекстан үкіметімен бірлесіп жүзеге асып жатыр. Мақсат - америкалық фермерлердегі жұмыс күші тапшылығын азайту және өзбек азаматтарына шетелде заңды түрде табыс табу мүмкіндігін кеңейту.

 «Бұл ынтымақтастық АҚШ жұмыс берушілеріне кадр тапшылығын шешуге, ал өзбек азаматтарына табыс тауып, өмір сапасын жақсартуға жол ашады», - деді Мануэль Фик.

Жоба аясында ауыл шаруашылығы саласындағы маусымдық жұмыс орындарына сұраныс артпақ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз