Live

Жамбыл облысында анықталған заңбұзушылықтардың әр үшіншісі – мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі

Жамбыл облысында жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік органдардағы заңбұзушылықтардың едәуір бөлігі мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі екені анықталды.

шенеунік

Өңірлік ревизиялық комиссияның мәліметінше, барлығы 902 рәсімдік заңбұзушылық тіркелген. Соның ішінде 335 жағдай (37,1%) мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі.

Екінші орында – өзге салалық заңнаманы бұзу фактілері. Бұл бағытта 203 жағдай (22,5%) анықталған.

 

Құрылыс және қала құрылысы саласында 143 заңбұзушылық (15,9%) тіркелсе, бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде 122, бюджет қаражатын пайдалану барысында 94 заңбұзушылық анықталған.

 

Сондай-ақ қаржылық есептілікті жасау кезінде 5 заңбұзушылық тіркелген.

 

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 171 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдардың басым бөлігі Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жіберілген материалдар негізінде салынған. Жалпы саны 391 материал мемлекеттік сатып алу мен бухгалтерлік есеп талаптарының бұзылуына қатысты болған. Олар бойынша салынған айыппұл көлемі 47,8 млн теңгені құрады.

 

Бұдан бөлек, 27 материал Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жолданған. Бұл істер бойынша 6,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

Тағы 8 материал бойынша ревизиялық комиссия нұсқамаларын орындамағаны үшін сот шешімімен 1 млн теңге айыппұл салынған.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлардың қызметіне кедергі келтіру, құжаттарды беруден бас тарту, қаражатты уақытында немесе толық аудармау және бюджет инвестициялары нәтижелеріне қол жеткізбеу деректері бойынша 10 хаттама жасалған. Бұл істер бойынша айыппұл сомасы 2,9 млн теңгені құрады.

 

Әкімшілік жазалардан бөлек, 116 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 71 ескерту, 42 сөгіс, 2 қатаң сөгіс және 1 қызметінен төмендету жазасы қолданылған.

 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда аудиторларға лицензия беру тәртібі өзгеретіні хабарланған болатын.

Тегтер: Тараз
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз