Саясат

Абаев ұсынған заң Тоқаевтың кеңесіне кесірін тигізді

Ұлттық Қоғамдық Келісім Кеңесіненшашау шықты. Осы кеңестің мүшесі, баспагер, бірнеше кітаптың авторы БақытжанБұқарбай бүгін өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеме жасап, кеңес құрамынанкететінін жариялады.

Абаев ұсынған заң Тоқаевтың кеңесіне кесірін тигізді

Бақытжан «былтыр кеңес құрылмай тұрғанда, оны қатты сынағаалғандардың» бірі болған екен де, оның құрамына кіруге ұсыныс түскенде, «халқымызотыз жыл күткен саяси реформалар жүзеге асып қалады-ау деген үмітпен»  мүшесі болуға келіскенін айтады. БақытжанБұқарбаев кеңестің саяси рефлрмалар жөніндегі жұмыс тобында болғанын,өзгерсітерге әкелетін біршама ұсыныстар дайындауға қатысқанын және соныңнәтижесінде президент Тоқаевтың саяси реформалардың бірінші пакетін жарияеткенін айтады. Алайда, оның пікірінше, Д. Абаевтың  министрлігі әзірлеген «Бейбіт жиындар туралы»заң жобасы «президенттің тапсырмасына сай болмай шықты және ол халықтың,азаматтардың мүддесіне қайшы болып отыр» дейді. Ол  саяси тұтқындардың әлі күнге дейінбосатылмағанына, Жанболат Мамайға партия құру жолында тосқауылдар жасалыпжатқанына да наразы. Ал,  Тоқаевтыңтапсырмаларын оның астындағы бюрократтар елемейтін көрінеді. «Бұл дегенімізҰлттық кеңестің бүгінгі таңда еліміздегі саяси реформаларға ешқалай әсер етеалмайтын ұйым екенін көрсетті. Мен халқымның алдында адал болғым келеді. Халықтың мүддесін әрдайым бәрінен жоғары қоямын.Кеңестің құрамында елімізге пайда әкелетін өзгерістер үшін барымды салып,қолдан келгенше тырыстым, бірақ Ұлттық кеңеске биліктің құлақ аспайтынына ақырыкөзім жетіп отыр. Мен халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдардызаңдастыруға араласқым келмейді" деп,  сол себепті Ұлттық кеңестің құрамынаншығатынын мәлімдеді. 

Бұны  Бақытжанның нағыз азаматтық позициясы депмойындауымыз керек. Ол, әзірге, ашық мәлімдеме жасап,  Кеңес құрамынан кеткен алғашқы адам. Оны қанша«кеңесші» қолдар екен?

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз