Айсұлтан дауының сабағы: Отбасылық қасірет бүкіл мемлекетке зиянын тигізуі мүмкін
Өзінің анасы – Дариға Назарбаеваға ауыр айыптар тағып,«менің өміріме қауіп төндіреді» деп елді дүрліктірген Айсұлтан Назарбаев тағыда интернетте мәлімдеме жасады.
Елдегі жағдайға қатысты өзінің келіспеушілігінбілдіргендей болған Айсұлтан жазбасының мына тұсы назар аудартады: «Тіпті меніңбиологиялық әкем де, қанша қаласа да, бұл жүйені сындыра алмады: оның Кеңес Одағындаөскен айналасындағы адамдардың кесірінен, оны қоршағандардың ойлау жүйесініңтайыздығы мен өзгерістерден қорыққандығынан». Соған қарағанда АйсұлтанНазарбаев «Нұрсұлтан – менің әкем» деген сөзінен қайтып, Рахат Әлиевті меңзеп тұрғандай.Тағы бір сөзінде «жақын уақытта өзімнің бастан кешкендерім туралы және оның несебепті болғанын айтып беремін» деп те айтады. Осыған қарағанда АйсұлтанНазарбаевтың «эпопеясы» әлі аяқтала қоймаған сияқты.
Бір қызығы, осыған дейін Айсұлтанның өзі жазды деген мәлімдемелердіңбарлығы сауатсыз – орфографиялық, стилистикалық және басқа да қателерменжарияланған еді. Ал бұл жолғысы өте сауатты орыс тілінде жазылды. Соған қарағандаАйсұлтанды осыны жазуға мәжбүрлеген не болмаса оның атынан біреу жазды ма деп қаласың,
Ал бұл уақытта бірқатар Telegram арналарда Дариға Назарбаева мен оның ұлына қатысты ақпараттарап жатыр. «Ұзын құлақ» атты телеграм арна көптен бері Дариға Назарбаеваға қатыстыақпараттық шабуыл жасауда. 31 қаңтар күні олар былай деп жазды: «ДариғаНазарбаеваның айналасынан келген ақпаратқа сәйкес, Лондонда психиатриялықауруханаға жабылған Айсұлтан Назарбаевты дәрігерлер мен констебльдерден бөлек, ҚРҰлыбританиядағы елшілігіндегі екі ҰҚК қызметкері күзетіп отыр. Дариға Айсұлтантағы да қашып кетеді деп қауіптенеді. Оның жоспары бойынша ем 3-4 жылға созылуымүмкін.
Сонымен бірге Венера Әлиева Мәскеуде қыз босанды деген сыбысбар. Енді Дәлен Шайжүнісовтің (Венераның күйеуі, Дариға Назарбаеваның күйеубаласы)вице-министр болып тағайындалуы мүмкін деген ақпарат тарады. Оған қоса, дәл осыарнаның мәліметінше, Айсұлтан Назарбаевқа қатысты даудан кейін Дариғаның қазіргікүйеуі – Қайрат Шарипбаев өзінің бірінші отбасына оралу мәселесін ойластырыпотыр. Себебі Шарипбаевтың ойы Қанат Бозымбаевтың орнына министр болу еді.Алайда Тоқаев энергетика министрі ретінде Шарипбаевты емес, Нұрлан Ноғаевты тағайындауғашешім қабылдаған.
Бұлақпарат рас па,жоқпа, оны уақыткөрсете жатар. Бірақ Айсұлтан Назарбаевқа қатысты даудың жақын уақытта тоқтамайтыны қазірдіңөзінде анық. Бұл мәселеден мынадай қорытынды шығаруға болатын тәрізді.
Біріншіден, Айсұлтанның «Нұрсұлтан – әкем, Дариға – шешем»дегені жалған сөз болса да, бұған халықтың біршама бөлігі сеніп қалды.Интернетте айтылған нәрсеге сеніп қалған бұқара жұртшылық «бұл нағыз масқара»деп жағасын ұстауда. Оның үстіне бұл сөзді басқа емес, президент жиенінің өзаузымен айтуы халықты иландыруға зор әсер етті. Ал бұл Назарбаевтар отбасына өтеауыр соққы болды. Олардың билігінің сакралдығы, яғни көпшілік алдындағы құндылығытөмендеді. Ал ондай масқараға ұшыраған отбасының ел басқаруға қандай қақысыбар?
Екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев та, Дариға Назарбаева да өздерініңүнсіздігімен отқа май құя түсті. Тым құрығанда бір мәлімдеме жасап, мән-жайды өзауыздарымен түсіндіруі тиіс еді. Оған да барған жоқ. Ал бұл Айсұлтанның сөзінесенімді күшейтіп, бұларды одан әрі қаралауға жол ашты.
Үшіншіден, Айсұлтанның бұл мәлімдемесінің астарында үлкенсаяси ойындар жатқаны анық. Ол қандай дейсіз ғой? Президент жиенін осылайсайратып қойған басқа емес, ықпалды, мүмкіндіктері зор күштер. Қазақстанда Айсұлтаноқиғасынан кейін қандай да бір жазалау шаралары болмағанына қарағанда, мұны елішіндегі топтар емес, сыртқы күштер ұйымдастыруы бек мүмкін. Жаңағы атаған «Ұзынқұлақ» арнасы ресейлік арнайы органдарға тиесілі деген ақпарат бар. Ал олардыңДариға Назарбаеваға шүйлігіп, ол туралы жиі жазуы Ресейдегі әлдебір топтардыңне болмаса Кремльдің операциясы ма деген ойға жетелейді. Бұған Ресей билігінеге мүдделі болуы мүмкін? Әрине, қазіргі президент Тоқаевты күшейтіп,Назарбаевтың ықпалын барынша әлсірету үшін.
Естеріңізде болса, «Валдай» клубының отырысында ТоқаевПутиннің алдында иіліп, Ресейді Орталық Азияның қожайыны іспеттес мәлімдемежасаған болатын. Көп жылдан бері сыртқы істер министрі болған, кәнігі дипломатТоқаев мұндай мәлімдемені тегін жасамаса керек. Оның үстіне көрші ел басшысыныңалдында құлдық психологияны айқындайтын сөз айтуы Қазақстан қоғамында кері әсерететінін ол түсінбейді емес, түсінеді. Демек, Тоқаев бұл сөзді мақсатты түрдеайтты. Ресей билігіне арқа сүйейтінін, Путиннің ықпалында жүруге дайын екенін әлемалдында мойындады. Яғни бұл сөздің астарында терең саяси мағына болды. ҚазіргіАйсұлтанның мәлімдемесі дәл осы Тоқаевты күшейтуге ықпал ететіні анық. Ал оны ұйымдастырғанРесей билігі болуы мүмкін.
Төртіншіден, бұл мәселеге ойда-жоқта басқа емес, қашқынбанкир Мұхтар Әблязов араласты. Және ол Айсұлтанмен күнде байланыста отырғандайсөйлейді. «Дариға Нұрсұлтанның қызы емес, сондықтан инцест болған жоқ» дегендіде айтқан Әблязов. Ал қашқын банкир қашанда Ресейдің мүддесін қорғап, соныңсойылын соғып жүретіні белгілі. Атап айтсақ, мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарап,қазақ тілін үйренудің қажеті жоқ дегенді айтады. Латын қарпіне көшуге қарсы шығып,Ресейдің мәдени ықпалында қала бергенді жөн санайды. Кремльге еш уақытта қарсышығып, оның Қазақстанға қатысты саясатын еш уақытта сынаған емес. Осыған қарап Әблязовта Ресей арнаулы күштерінің ықпалында ма деген ойға қаласыз. Ал оның Айсұлтанісіне белсенді араласуы бұл сценарийдің артында Кремльдің тұруы мүмкін дегенойды күшейтеді.
Қалай болғанда да, Айсұлтан Назарбаевқа қатысты дауавторитарлы жүйенің ел үшін қаншалықты қатерлі екенін көрсетеді. Бір отбасы менбір адамның мүддесі елдің, халықтың мүддесінен жоғары болып кететінін көріпотырмыз. Бұл мәселені сыртқы күштер қалай қолданса да, өз еріктерінде енді. Оныары қарай өрбітпеу үшін Назарбаев билігі Ресеймен Кремльге қолайлы келісімгебаратыны да анық. Өзіңіз ойланып қараңыз, егер бұл дауға Ресей ақпарат құралдарыараласып, оны ары қарай дамытып кетсе не болмақ? Әрине, бұл Назарбаев отбасы үшінтұра алмастай соққы болады. Ал ондай жағдай болмауы үшін Кітапхана меңгерушісіКремльдің алдында құрдай жорғалап, барлық мәселесін шешуге баруы ықтимал.
Ал демократиялық, ашық қоғамда мұндай бола ма? Жоқ, әрине!Мемлекет басшысының отбасында ешкімнің шаруасы жоқ. Әрине, егер заң бұзып, жемқорлыққабатпаса… Ал ондай теріс әрекеті байқалса, халық келесі сайлауда оған дауысбермей, биліктен қуып шығады. Бұған ешқандай сыртқы күштердің ықпалы болмасы айқын.Ал мемлекет мүддесіне қайшы әрекет етіп жатса, онда тағы да халық талап қойып,кез келген партияны не президентті биліктен кетіре алады. Қазақстанда ондай жүйеніңболмауы тіпті отбасылық қасіретті мемлекет арасындағы саудаға айналдыруы мүмкін.Міне, авторитаризмнің қатері осында.
Сондықтан Қазақстан тез арада демократиялық реформаларжасап, жемқорлыққа батқан, бір адамның қас-қабағымен жүретін саяси жүйемен қошайтысуы тиіс. Назарбаевтар 30 жыл елді басқарды. Елге де жақсы болған жоқ, өздеріде Айсұлтанның «арқасында» бүкіл халықтың алдында абыройсыздыққа ұрынды. Енді өзгеретін,демократиялық реформаларды жүзеге асыратын уақыт келді. Осыны түсінетін,білетін уақыт жетті емес пе?
Фото: qazweek.kz