Саясат

Айсұлтан Тимур Құлыбаевты әшкереледі

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересіАйсұлтан Рахат тағы да мәлімдеме жасады.

Айсұлтан Тимур Құлыбаевты әшкереледі

Ол өзінің «Facebook» парақшасындаТимур Құлыбаев, Қайрат Боранбаев және Гога Ашкенази жөнінде жазды.

Айсұлтан Рахаттың сөзінше, Қайрат Боранбаев ТимурҚұлыбаевтың нұсқауымен Гога Ашкеназидың есеп-шотына 200 миллион доллараударған.

«Бұлжазғандарым білетіндерімнің бір пайызы ғана. Қалған 99 пайзынан кейін олар халықтың көзінеқалай қарайтынын білмеймін. Бірақ олар қарайды, өйткені оларда ұят жоқ. Меносынша жыл күйеуінің қылықтарына шыдап келе жатқан Динара Құлыбаеваға жанымашиды. Мен оны өте қатты жақсы көрем. Ол отбасыдағы үлгілі адамдардың бірі.Менің көз алдымда ол ерік-жігерлі, мінезді, күшті әйел. Бұған дейінжазғанымдай, Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев бір ғана Ресеймен арадағы газкелісімінен жылына 700 миллион доллар табыс табады. Осы арқылы Қазақстан газыРесейге төмендетілген бағамен сатылуда. Дәл осы қаржыдан Қайрат Боранбаев ТимурҚұлыбаевтың нұсқауы бойынша Гога Ашкиназиға 100-200 миллион АҚШ долларынаударды. Мен аударымдарды өз көзіммен көрдім. Осындай іс-әрекеттерден кейінҚайрат Боранбаев Динара Құлыбаеваның көзіне қалай қарағанын білмеймін. Бұлұятсыздықтың шегі жоқ. Менің сұрағым бар: сіздердің моральдық ұстанымдарыңызқайда? Маған қызық, менің мәлімдемелерімнен кейін, мойыныма банкирлердің өлімінқалай іледі екен. Бұл жүйені болжау өте оңай және ол жұмыс істемейді. Мендебардың бәрін — әйелімді, қызымды, ұлымды барлығын тартып алдыңдар. Бірақ, менөзімді «тірі өлікке» айналдыруға жол бермеймін», — деп жазды  «Facebook» желісінде Айсұлтан Рахат есімді парақшаиесі.

Экс-президенттің жиен немересі бұған дейін демәлімдемелер жасаған. Қаңтар айының аяғында ол «Whats App» желісі арқылықазақстандық журналистермен сөйлесіп, анасы Дариға Назарбаева, атасы НұрсұлтанНазарбаев туралы айтқан.

Коллаж: Жас Алаш.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз