АҚШ Иранның Бендер-Аббас аймағына қайта соққы жасады
АҚШ әскері Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас ауданында жаңа әскери операция жүргізді. NBC News мәліметінше, шабуыл «қорғаныс мақсатында» жасалған.
АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі Тим Хокинстің айтуынша, нысанаға зымыран қондырғыларын орналастырып, миналар қоюға әрекеттенген ирандық катерлер алынған. Соққы Ормуз бұғазы маңында жасалған.
Сонымен қатар Вашингтон мен Тегеран арасында 8 сәуірден бері күшінде тұрған уақытша бітім режимі өзгеріссіз сақталып отырғаны айтылды. АҚШ тарапы атысты тоқтату режимін сақтай отырып, америкалық күштерді қорғау жалғасатынын мәлімдеді.
Ал Иран БАҚ-тары Бендер-Аббас пен бұғаз маңында жарылыстар болғанын растады. Mehr агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы жағдай бақылауда және алаңдауға себеп жоқ.