Саясат

Алаш арыстарын азаптаған түрменің орнына қонақүй ашты. Мұның артында Александр Машкевичтің тұрғаны рас па?

1937-38 жылдар. Азаптау мен қинаудыңтүр-түрін көрген адамдар. Бұлар сталиндік репрессия құрбандары еді.

Алаш арыстарын азаптаған түрменің орнына қонақүй ашты. Мұның артында Александр Машкевичтің тұрғаны рас па?

Еш жазықсызадамдарды түрмеге қамап, атып, асып, азаптап жатты. Бұл уақытта олардың отбасымүшелері де репрессияға ұшырады. Әйелдері АЛЖИР-де отырса, перзенттері балалар үйінежіберілді. Бұл жерде Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин жәнебасқа да Алаштың ардақты ұлдары тұтқында отырды. Сталиндік репрессия құрбандарынаайналған адамдарды дәл осы жерде атып, мүрделерін қазіргі Алматы облысындағы Жаңалықауылына көміп тастады. Бұл жер 1934 жылы Алматыда ашылған НКВД түрмесі еді. ҚазіргіНаурызбай батыр мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

Ал енді бұл жерде қазір неашылды дейсіз ғой? Қонақүй. Иә, бұрынғы НКВД түрмесінің орнына қазір «Қазжол» қонақүйіашылды. Ойланып қараңыз: 1937-38 жылдары адамдарды азаптаған, қинаған, ұрып-соққан,атқан, өлтірген түрменің орнында енді кісілер демалатын, қонатын қонақүйболады. Сонда ол жерге келген адамдар осының бәрін біле тұра, қалай тыныш ұйықтайдыекен? Алаштың арыстары азапталған орында қонақүй салып, тарихты ұмыттыруға, аруақтардықорлауға жол берген кім? Әрине, билік. Тарихи ғимаратты, оның ішінде саясирепрессия құрбандарын еске алатын мұражайы бар жерді Иманғали Тасмағамбетов әкімболып тұрған кезде жекеменшікке өткізіп жіберген. 

Қазақтың қаншама көрнекті тұлғаларыотырған түрме орналасқан жерде 2003 жылы саяси репрессия құрбандарына арналғанмұражай ашылған еді. Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған мұражай екі жылданкейін, 2005 жылы  жабылды. Себеп: Алматы әкімдігібұл ғимаратты жеке кәсіпкерлерге меншікке беріп жіберген. Тарихи ғимаратты негежекеменшікке өткізді, мұның артында кім тұр деген сан сауалдарға ол кезде де, қазірде ешкім жауап бермеді. Мұндай маңызды нысанды біреуге беру үшін Алматы қаласыныңәкімдігінен де биік орындар араласса керек. Себебі бұл жай ғана ғимарат емес,саяси, тарихи маңызы бар орын еді.

Ал сол ғимаратқа жапсарласорналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасы әрі түрмесі әлі күнгедейін бар. Демек, бұл шешім Алматыда емес, Астанада қабылданған тәрізді. Жаңа қожайындарыкеле салып, «бұл жерді жалға өткіземіз» деп, мұражайды жауып тастап, орындарынтартып алған. Содан бері Алматыда неше әкім ауысты? Есімов те, Байбек те, енді,міне, Сағынтаев та бұл орынның тарихи қалпын сақтап, түрмені қонақүйгеайналдырмай, аруақтарды қорлатпауға бір әрекет жасаған жоқ. Тіпті бұйрық беріп,мұражай аштырған Назарбаев та, қазіргі президент Тоқаев та саусақтарының ұшын қимылдатпады.

Қарап отырсаңыз, 1,5 миллионнанастам адам тұратын Алматыда, тәуелсіз Қазақстанның бұрынғы астанасында, ең ірімегаполисте және кеңестік билік тұсында маңызды саяси шешімдер қабылданған қаладасталиндік саяси репрессия құрбандарына арналған бірде-бір ескерткіш, бірде-бірмұражай жоқ. Біздің орнымызда кеңестік биліктен талай қысым көрген Шығыс Еуропанемесе Балтық жағалауы елдері болса, бұл түрменің орнын саяси репрессия құрбандарынаарналған мұражай кешенін ашар еді. Біздің де сондай мүмкіндігіміз болған жоқ паеді?! Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барып көре алатын, шетелдік қонақтардыапаратын мұражай ашып, Сталин большевиктерінің қазақ зиялылары мен тұлғаларын қалайазаптағанын, қандай қорлық жасағанын көрсететін тарихи орталықтың іргесін қалауғаболар еді. Ал оның орнына билік бұл ғимаратты жекеменшікке өткізіп, қонақүйсалуға мүмкіндік берді.

«Жас Алаш» бұл қонақүйдіңкімге тиесілі екенін зерттеп жатыр. Егер тың деректер табылса жариялаймыз.Кейбір деректерге қарағанда, соның ішінде қоғам қайраткері Жұмабек Ашуұлының мәліметінше,бұл ғимаратты сатып алған – олигарх Александр Машкевич. Егер бұл рас болса,онсыз да Қазақстанның байлығын қанжығасына байлап, миллиардер атанғанМашкевичтің бұл әрекеті тарихты қорлау екені анық. Оның немесе басқа кәсіпкердіңбұл жерден емес, қаланың басқа бір бұрышынан ғимарат салып, қонақүй ашуына мүмкіндігібар ғой. Немесе «қазақтың байлығын пайдаланып отырмын, миллиардтарды қалтамасалдым, тым құрығанда осы жерге мұражайды өзім салып берейін» десе, несі кетереді? Түйені түгімен жұтып үйренген бұл сияқтыларға ондай әрекет жат екен.

Биліктің тарихты жоққа шығарып,құрбандардың рухын қорлайтын әрекетке барып отырғаны бірінші рет емес. КезіндеЖелтоқсан көтерілісі болып, қазақ жастары азаттық талап етіп шыққан Республикаалаңын қопарып, «Алмалы» ойын-сауық орталығын салғаны есімізде. Ол кезде де қаншамақарсылық болды. Билік біріне де құлақ аспады. Сол «Алмалысы» ақыры жабылыптынды. Қазір бұл алаң баяғы қалпына келтірілген жоқ. Енді, міне, бұрынғы НКВД түрмесінқонақүйге айналдыруға жол ашты.

Осының бәрін неге жасап отыр?Біріншіден, бүгінгі саяси жүйе Ресейден үрейленеді. Солардың айтқанымен жүріп,дегенін орындап үйренген билік «Кремльдің шамына тиіп қалмайық, кеңестік дәуірдегіқылмыстарды қопармайық» деп қашанда қорқып жүреді. Бәлкім, Путин режиміне жағымпазданыпжасайтын да болар. Сталиндік репрессияны ұмыттыру үшін, 1986 жылы қазақжастарын қырып салғанын еске салмау үшін осындай әрекеттер жасап жатырмыз депайтуға да себеп табылады сонда. Екіншіден, бүгінгі биліктің өзі де тарихты, қазақтыңөткенін сыйламайды. Егер бұлай болмағанда, Республика алаңын қаздырып, оныойын-сауық орталығына, НКВД түрмесін қонақүйге айналдыруға жол ашпас еді. Осынытоқтатуға бір шенеуніктің әрекет етпеуі бұл биліктің мәңгүрттігін, тарихижадының өшкенін айғақтайды.

Уақыт өте келе, бүгінгі саясибиліктің орнына демократиялық, әділетті жүйе қалыптасқанда бұл жағдай өзгередідеп сенеміз. Өкініштісі, бұл түрмені енді бұрынғы қалпына келтіріп, тарихибейнесін сақтау оңайшылыққа соқпайды. Ал осындай әрекетке барып, саяси құрбандардыңрухын қор қылған билік түбі оңбасы түсінікті. 

Коллаж: Жас Алаш.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз