Саясат

Алматының ауасы неге лас?

Олардың бастамасымен жазылғанонлайн-петицияға екі күннің ішінде 20 мыңнан астам адам қол қойған.

Алматының ауасы неге лас?

Алғақш күні-ақ secure.avaaz.orgсервисінде жарияланған петияцияны 17 мың адам қолдап шығып, олардың саны келесікүні 20 838-ге жеткен. Алайда, ашық хат әкім Сағынтаевқа тапсырылмақшы  сол күні сайт ашылмай қалған. Белсенділерпетицияны docs.google.com адресіне ауыстырған.

Жуырдағана Алматы әкімдігі қаланың ауасын ластап жатқан, негізінен,  авто көліктер деген мәлімдеме жасаған болатын.Қала тұрғындары, әсіресе, белсенді азаматтар әкімдік осылайша шын ластаушылардыжасырып, нағыз жағдайды бұрмалап отыр деп, биліктің айтқанына сенген жоқ еді.Ал, 3 ақпан күні AUA Group және басқа да ұйымдар қосылып, Алматы әкімдігінежазылған ашық хатқа онлайн-қол жинай бастады. Хатта белсенділер қаланың 2050жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қамтылған экологиялық жағдайдыжақсартуға қатысты шаралар жалған деректерге сүйенген деп мәлімдеді. EXIMARфорсайт-агенттігі жүргізген зерттеулер нәтижесінде,  Алматы ауасын ластайтын зиянды заттардың 70%көмір жағып отырған үш жылу стансасынан екені дәлелденгенін алға тартады. Бұл –Алматының ең басты проблемасы! Ал, әкімдік болса, жылу стансаларынан бар-жоғы27 процент қана улы заттар бөлінеді деген ұстанымда және ол стансалардытәуелсіз сарапшылар тексерсін деген талапқа жауап беруден бас тартып отыр.

Алматыәкімдігі, жылдар бойы, жылу стансаларын газ отынына ауыстыру мәселесінде белсіздіктанытып келеді. Оның үстіне, қала ауасының көмір жаққаннан ластанып жатқанын дамойындағылары келмейді. Яғни, көмір саудасын қадағалап отырған  бір топтың ыңғайын бағып отыр деп топшылауғаболады. Өткен жылы Ресей астанасына жұмыс сапарымен барған Сенат спикері Д.Назарбаева  Қазақстан көмірінің орыс еліарқылы Украинаға өте алмай жатқаны туралы мәселені (бұл Парламенттің емес,үкіметтің шаруасы, солар атқаратын міндет) көтерген болатын. Сол арқылы даөзінің мүдделі екенін танытып алған болатын.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз