Саясат

Алтынбек қазасының құпиясы ашылды ма?

Алтынбек Сәрсенбайұлын көзі көрген сарапшылармен әріптестерінен қанды оқиғадан 14 жыл өткенде осы мәселеге қатыстысауалдардың жауабын сұрадық.

Алтынбек қазасының құпиясы ашылды ма?

1.    Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның жақтастарыныңөлтірілгеніне 14 жыл болды. Бірақ осы күнге дейін белгілі саясаткерді өлтіругекімдердің тапсырыс бергені туралы нақты ресми жауап жоқ. Сіздің ойыңызша,биліктің әділ тергеу жүргізуіне не кедергі?

2.    Бірнеше жыл бұрын билік Алтынбек Сәрсенбайұлыныңөліміне Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевты кінәлады. Бірақ Әлиев Вена түрмесінде көзжұмғаннан кейін бұл мәселе мүлде қозғалған жоқ. Бұны басында көтеріп, кейін оныжылы жауып қою кімдерге тиімді болды? Сіздің ойыңызша, Сәрсенбайұлының өлімінекім жауапты?

3.    Алтынбек Сәрсенбайұлы неге өлтірілді?Ол қазіргі жүйеге шынымен де қауіп төндірді ме? Сәрсенбайұлының өлімін саяситеррор деп атауға бола ма?

4.    Алтынбек Сәрсенбайұлының елдің саяси өміріндегірөлі мен орны қандай болды? Егер оны 2006 жылы өлтірмегенде, ол Қазақстандағыжағдайға әсер ете алар ма еді?

Сергей ДУВАНОВ, саясаткер, құқық қорғаушы:

Кімнің бұйрық бергені айтпаса да түсінікті

1.Бұл жерде таңғалатын еш нәрсе жоқ. Фактілерді жасыру мен үнсіздік бұл өлімніңартында биліктің өзі тұр дегенді меңзейді. Әділ тергеу, әрине, бұл қылмысқабиліктің қатысы бар екенін көрсетеді. Билік, әлбетте, өз қылмысын өзі ашыпбермейді. Бұның барлығы болашақта, билік басына басқа адамдар келгендежасалады.

2.Иә, Рахат Әлиев елбасы жауларының қатарына енген соң, шахматтағы тақтадағысекілді атпен қадам жасалды. Билік бастапқыдағы «жеккөрушілік» нұсқасынан бастартып, барлығын Әлиевқа бұрды. Бұл нұсқаның Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімінтексеруге емес, Әлиевті қаралауға бағытталғаны айдан анық. Әлиев қайтыс болғаннанкейін барлығы доғарылды, ұмытылды.

3.Өлтірудің нақты себептерін айту қиын. Біз оны болашақта білеміз. Бірақ бұныңсаяси астары болғаны анық. Алтынбек оппозицияның өте ықпалды көшбасшысы болды.Бұл Назарбаев пен оның маңайын алаңдатпай қоймады. Назарбаев өзіне қарсылас болғысыкелгендерді өте ауыр қабылдайды. Алтынбек оппозицияға өткенде дәл сондай адамболды. Оны залалсыздандыру үшін Ақорда тарапынан белгілі бір қадамдар жасалғанынболжауға болады. Біз білетіндей, онымен саяси қарсыластықты тоқтату жөніндекеліссөздер жүргізілген. Оны қорқыту мақсатында ұрлап әкетіп, өміріне қауіп төндіруарқылы келісімге келу немесе құжатқа қол қойғызуға талпыныс болғаны мүмкінекенін жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанын білмейміз, бірақ ақырында оны көмекшілеріменбірге өлтірді. Бұл жағдайда бұйрықты кім берді деген сұрақтың жауабы айқын. Оныұрлап әкеткен адамдар кімге бағынды? Бірақ түсіну керек, бұл адамдардың барлығыбасшыларының бұйрығын орындаушылар ғана. Ал ҰҚК кімге бағынады? Міне, сіздің сұрағыңыздыңжауабы. Меніңше, бұйрық берушінің аты айтпаса да түсінікті.

4.Алтынбек Сәрсенбайұлы сол уақыттағы қазақ оппозициясының ықпалды көшбасшысыболды. Өлтірмеген күннің өзінде,  оныңпроблемалары көп болар еді. Оны түрмеге тоғытады немесе ол өзге елге көшуге мәжбүрболар еді. Саяси көшбасшылыққа үміткерлерді ату – біздің биліктің кредосы.Шындығында, оның тағы бір жолы болды. Ол – Назарбаевтың командасына қайтып оралу. Бірақ, менің ойымша, ол бұлжолды таңдамас еді.

Евгений ЖОВТИС, құқық қорғаушы:

Бұл, сөзсіз, саяси террор болды

1. Бұған бір ғана түсініктеме бар: ол – билікке белгісіз бір себептергебайланысты бұл істі соңына дайын жеткізу тиімсіз болып тұр. Негізгі саясиойыншылар әлі билік басында отырғандықтан, олар бәрін білетін болғандықтан,тапсырыс берушіні іздемей отыр деп ойлаймын.

2. Мен бұл нұсқаға күмәнмен қараймын. Бірақ трагедия болған уақыттағы алғашқыпікірімде былай дедім. Мұндай қылмысты ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші төмендегідейбірқатар қасиеттерге ие болуы керек. Біріншіден, қаржылық жағдайы жеткіліктіболуы тиіс. Себебі адам өлтіруге тапсырыс беру өте үлкен қаржыны талап етеді.Екіншіден, саяси ықпалы жоғары болуы қажет. Өйткені, кейін белгілі болғандай, бұғанбір-бірімен жақын байланысы жоқ екі ведомство – ҰҚК және ІІМ қызметкерлері жұмылдырылған.Екі жақтың қызметкерлерін бір операцияға қатыстыру үшін үлкен әкімшілік немесесаяси ресурсқа ие болу керек. Бұдан бөлек, тергеуді соңына дейінжеткізбейтіндей ресурс қажет. 2000 жылдардың ортасында мұндай қасиетке иеадамдардың саны шектеулі болды. Және «эксцесс орындаушыны» да есептен шығармау қажет.Яғни өлтіру тапсырмасы қойылмауы да мүмкін. Бірақ жағдайдың бақылаудан шығыпкетуі.

3. Алтынбек 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басындағы саяси элитаның көрнектіөкілдерінің бірі болды. Оның Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсымбаев, Әкежан Қажыгелдинсияқты оппозицияға өтуі, кейіннен Заманбек Нұрқаділов, Жармахан Тұяқбай жәнежас түркілер Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Байменов,Ораз Жандосовтардың келуі элитадағы бөлінудің айқын көрінісі болды. Қарсыластардыңдеңгейі әртүрлі екені белгілі. Бірақ бөлінудің болғаны анық көрінді. Бұдан арыолардың қазақы ортадағы ұйымдастыру, мобилизациялық потенциалын бағалау керек.Сол себепті белгілі бір кезеңде нақты қауіп төндірмесе де, нақты қауіп ретіндебағалануы мүмкін. Бір адамның басқаруындағы орталықтандырылған билік жүйесіндешешімдер таңдалған ақпараттар негізінде қабылданады. Бұндай авторитарлық жүйедеорталыққа жақын жүргендер жиі өзінің саяси ойынын ойнайды. Бірақ бұның барлығыбіздің болжамымыз ғана. Бұл – сөзсіз, саяси террор. Себебі жария түрде белгіліоппозициялық тұлға өлтірілді. Оның түпкілікті мақсаты – оппозиция өкілдерін қорқыту.

4. Қазақстанныңсаяси алаңын тазарту ұзақ уақыт жүрді. Мен 2000 жылдары «біздің билік саяси алаңдағыағылшын шөпшапқышы сияқты» деген метафораны келтіргенмін. Біреу бас көтерсеболды, шөпшапқыш бірден қырқып түсіретін. Сол себепті ірі саяси тұлғаларбилікте болды немесе соның жағында жүрді. Сирек жағдайда жекелеген тұлғалароппозицияға өтті. Бірақ шешім қабылдаушы топтан шығарылды. Алтынбек билікте де,оппозицияда да салмағы бар, ықпалды тұлға болды. Оның ірі саясаткер және қоғам қайраткеріболғанына күмән жоқ. Ал 2006 жылдан кейінгі жағдайларға әсері жөнінде айтатынболсақ, тарих болуы мүмкін жорамалдарды жақтыртпайды. Бұл жерде болжам айтуданбасқа амал жоқ.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз