Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 14 Тамыз 2024

Алжирлік боксшы Олимпиада кезіндегі жанжалдан кейін twitter-ді сотқа берді

d
Фото: The Insider

Алжирлік боксшы Иман Хелиф Олимпиада кезіндегі жанжалдан кейін twitter әлеуметтік желісін сотқа берді. Шағымда Джоан Роулинг пен Илон Маск туралы айтылған.

Сот Париж прокуратурасының жанындағы Интернеттегі өшпенділікке қарсы күрес орталығына жіберілді. Спортшы ол «кибербұзушылықтың ауыр әрекеттеріне» тап болғанын айтады. Шағымда жазушы Джоан Роулинг пен twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Масктың аты аталған, бірақ нақты айыпталушылар қамтылмаған.

Адвокат Хелиф Набил Буди француз заңы спортшыны қудалауға қатысқан барлық адамдарға қатысты тергеу жүргізуге мүмкіндік беретінін түсіндірді. Адвокаттың айтуынша, тергеу АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа да жүргізілуі мүмкін, себебі ол да Хелиф туралы твиттерде жазған.

Айта кетейік, 9 тамызда Иман Хелиф Париж Олимпиадасында әйелдер арасындағы бокс турнирінің жеңімпазы атанды. Ал, әлеуметтік желілерде Алжирден келген спортшыны қорлаған жазбалар жазылды.

Хелиф бір жыл бұрын жарыста гендерлік сынақтан «өтпеген» деп болжағандар бар. Себебі спортшыда XY - ер адамдардың  хромосомаларының басымдығы анықталғаны айтылады.