Live

Әр екінші қазақстандық табысының жартысын несиеге жұмсайды

Demoscope сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқандардың 39,7%-ында бір несие болса, тағы 33%-ының бірнеше несиесі бар. Әрбір екінші қарыз алушы табысының жартысынан көбін несие төлеуге жұмсайды.

несие

Ең кең таралғаны – тұтынушылық несиелер. Оларды қарыз алушылардың 70%-дан астамы рәсімдеген. Сонымен қатар қазақстандықтар бөліп төлеу қызметін, автонесие мен ипотеканы жиі пайдаланады. Кейбірі туыстарынан немесе ломбардтардан қарыз алады.

Көп жағдайда несие тұрмыстық техника сатып алуға, үй жөндеуге немесе жалақыға дейін күн көруге алынады. Сондай-ақ бұрынғы қарыздарды жабу үшін де несие рәсімдейтіндер аз емес.

Зерттеушілердің айтуынша, халықтың қарыз жүктемесі 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы алдындағы деңгейден асып кеткен. Соңғы бес жылда қазақстандықтардың қарызы екі есеге жуық өскен, ал нақты табыс небәрі 15%-ға ғана артқан.

Тегтер: несие
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз