Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығуға дайын екенін мәлімдеді
Армения АҚШ-пен стратегиялық әріптестік келісімін жасасқаннан кейін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Ал, Армения Сыртқы істер министрлігі Пашинянның сөзіне түсініктеме беріп, ол елдің ҰҚШҰ-дан шығатынын жарияламағанын айтқан.
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығатынын парламенттегі «үкімет сағатында» Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеген. Одан оппозициялық депутат Армения неге ҰҚШҰ-ға тек қана наразылығын білдіреді, бірақ одан шықпайтыны туралы сұраған.
«Шығамыз. Қашан екенін, шешеміз. Біз қайтып ораламыз деп ойлайсыз ба, басқа жол жоқ, біз қайтып оралмаймыз» - деп жауап берді Пашинян.
Біраз уақыттан кейін Армения Сыртқы істер министрлігі Пашинянның сөзіне түсініктеме беріп, ол елдің ҰҚШҰ-дан шығатынын жарияламағанын айтқан.
«Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-дан шығатынымызды айтқан жоқ, ол қашан шығуды шешеміз, бірақ қайтып оралмаймыз» деп түсініктеме берген СІМ.
Айта кетейік, ақпан айында Пашинян елдің ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ал мамыр айының басында ел билігі ұйымды қаржыландыруға қатыспайтынын мәлімдеді.
Сейсенбі, 11 маусымда АҚШ пен Армения қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Пашинян ҰҚШҰ Ереван алдындағы міндеттемелерін орындамағанын бірнеше рет тікелей мәлімдеген.