Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:48, 11 Желтоқсан 2024

Аустралия Tomahawk зымыранын сәтті ұшырған әлемдегі үш елдің бірі болды

Tomahawk
Tomahawk-тың ұшырылу сәті. Фото: threads.net/@defenceaustralia

2500 шақырымға ұшуға қабілетті Tomahawk зымыраны заманауи қару жүйесі болып саналады және алыс қашықтан кемелерге дәл соққы беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Аустралия америклық  Tomahawk  зымыранының алғашқы ұшырылымын сәтті өткізді. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Корольдік Аустралия Әскери-теңіз күштері заманауи және қуатты әскери кемелер флотын құруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Аустралия Tomahawk қанатты сәтті ұшырған әлемдегі үшінші ел болды", - делінген хабарламада.

2024 жылғы Ұлттық қорғаныс стратегиясында белгіленген басымдықтарға сәйкес, Энтони Албанезе басқаратын үкімет Аустралия Қарулы Күштері үшін ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ сатып алуды жеделдету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2,5 мың шақырым ұшуға қабілетті «Томагавк» зымыраны заманауи қару жүйесі болып саналады және алыс қашықтықтан кемелерге дәл соққы беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оның болуы Аустралияның қорғаныс қабілетін айтарлықтай нығайтады, ықтимал қауіптерді болдырмайды және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады.

Аустралия АҚШ және Ұлыбританиямен бірге «Томагавк» зымырандарын сатып алған үш елдің бірі болып қана қоймай, оны сәтті ұшырған елдердің бірі болды.

Аустралия болашақ Әскери-теңіз күштері платформалары үшін, әсіресе Вирджиния класындағы суасты қайықтары үшін 200-ден астам Tomahawk зымыранын сатып алады деп жоспарланған.

Тегтер: