Саясат

Байқоңырдағы Роскосмостың қалдықтарын жоюға Қазақстан 20 млрд бөледі

Байқоңырғарыш айлағында жиналып қалған улы және радиактивті қалдықтарды жою Қазақстанесебінен жүргізілетін болды.

Байқоңырдағы Роскосмостың қалдықтарын жоюға Қазақстан 20 млрд бөледі

Бұлтуралы Байқоңыр тұрғыны Марат Дәулетбаев есімді Фейсбук қолданушы өзініңпарақшасында жазды.

«Роскосмос»МК ҚР үкіметіне «тізесін батыра» отырып, осы шешімді қабылдатқан, енді,  «Роскосмостың» кесірінен,  Байқоңырда жылдар бойы жиналып қалған улықалдықтарды жою үшін, Қазақстан бюджетінен 320 миллиард теңге бөлінетін болдыдейді М. Дәулетбаев. Оның айтуынша, жуырда «Роскосмос» Байқоңырда,  қалдықтарды жоюға арналған ашық карьерлерқұруға қатысты бірнеше жобалар бойынша,  қоғамның пікірін білмекші жиын өткізген.   Қазақстанэкологтарын бір де бір рет тексеру жұмыстарын өткізу үшін айлақ территориясына кіргізбегенресейлік компанияның сондағы бар пиғылы Қазақстан бөлетін 20 миллиардқа ғарышайлағы аймағында қалдық төгетін ашық карьерлер салып, өздері жылдар бойы жинапкелген улы қалдықтарды төгіп тастау ғана» дейді Байқоңыр тұрғыны.  

Ал,Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алу туралы келісімнің шарты бойынша ресейліктерулы қалдықтарды өз территориясына алып кетуге міндетті. Алайда, Ресейде шетелдерден улы қалдықтар алып келуге тиым салатын заң қыбылданған. Тіпті, іріқалалардағы тұрмыстық қалдықтарды жоюдың өзі тұрғындар тарапынан қарсылыққаұшырап жатыр (Ресейде жиі бой көтеріп жатқан «қалдық соғыстары» ред.).  

«Ал,Байқоңырда ең маңызды мәселенің бірі – медициналық қызметтің нашарлығы. Жақындағана ашылған облыстық онкологиялық  медицина орталығының филиалы ем іздепкелушілердің бәріне бірдей қызмет көрсетуге қауқарсыз –  қарапайым құрал-жабдық жоқ, дәрігерлер менмамандар тапшы. Қалдық төгетін карьерге жіберген ақшаны үкімет осы салағасалып, экология мәселесіне көңіл бөлсе болар еді»  деп қынжылды Марат Дәулетбаев.

Бұлбір Байқоңырдағы мәселе ғана емес. Кейбір деректерге қарағанда, үкімет пенмұнай өндіруші шет елдік компаниялар арасындағы,  қазақ халқынан жасырын6  келісім-шарттардың нәтижесінде олкомпаниялардың экономикалық тірлігінің нәтижесінде пайда болған экологиялықоқиғалардың салдары үшін айып пұлды Қазақстан жағы төлейді екен. Шын ба, үкімет не дейді?

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз