Бақауов батыр аналардан «қорықпайтын» әкім екен
Бүгін Павлодар қаласында облыс басшысы Болат БАҚАУОВ «Нұр Отан» партиясының филиалында көп балалы аналармен кездесті.
Бұл туралы Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Аңшылығымен де көпшілікке таныс облыс әкімі әзірше көп балалы аналармен кездескен бірінші әкім. Әлде өзінің есебін тыныш өткізгісі келдіме екен, әйтеуір, есеп алды жиынның алдында Бақыт СҰЛТАНОВ, Бауыржан БАЙБЕК, Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Бердібек САПАРБАЕВ, Ерлан ҚОШАНОВ сынды орынбасарларын жібермей кездесуге өзі келді.Әкіммен кездесуге келген көп балалы анлардың қатары көп болды. Олар пәтер алу, жәрдемақы, тегін дәрі-дәрмек және қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер мәселесін сөз қылды. Аналар үй алуда мемлекеттік бағдарламалардың тиімсіз екендіктерін жеткізді.
«Бізде басты үш проблема бар. Олар: баспана алу, көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы. Мен жалғыз басты көп балалы анамын. Бір өзім төрт баланы асырап отырмын.Мемлекеттік тұрынғын үй бағдарламасына қатыса алмаймын. Себебі, менің табысым бастапқы жарнаны төлеуге жетпейді», — деді Динара САЛИКОВА. Аналар жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін төленетінін, ал балабақшалар бүлдіршіндерді үш жастан бастап алатынын да жеткізді. Облыс басшысы Болат Бақауов көп балалардың мәселесі үкімет және жергілікті жерлерде де шешілетінін айтты. Және әр квартал сайын олар мен орынбасарлары, ал жарты жыл сайын өзінің кездесіп тұратынына сөз берді.Фотолар: pavon.kz, zakon.kz