Саясат

Бақауовты енді үйінде «бағады»

Аяқастынан тұтылып, одан кейін құтылып кетіп жатқанжемқорлардың тізімі ұзын-ақ. Ішінара саяси ұстанымы үшін де кетіп қалатындары бар.

Бақауовты енді үйінде «бағады»

Ал олардың қайсысы отырады, қайсысы «общакқа» жарнасын төлеп, бостандыққа шығады– оны ең жоғарғы лауазым иесі ғана шешеді. 

Павлодар облысыныңэкс-әкімі Болат Бақауов 17 қаңтарда қамауға алынған еді. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің362-бабының 4-тармағының 3-бөлігі бойынша (билігі мен қызметтік құзыретін асырапайдалану) айып тағылған. Ол сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқан мерзімде,яғни  16 наурызға дейін қамауда отыруға тиісболған. Бірақ 18 ақпан күні кешке жақын жалпақ жұрт естімей қалған сот отырысы өтіп,сондағы қабылданған шешіммен Бақауов бұдан былай үйқамақта отыратыны белгілі болды.

Павлодар облыстықсотында Бақауов қамауға алынған кездегі жағдай өзгерді деп түсіндіреді. «Ол кездесотқа дейінгі тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін деп қамауға алынған еді.Бірақ қазір сол лауазымда қызмет атқармайды, тиісінше қандай да бір зиянын тигізеалмайды» дейді облыстық сотта. Бұған оның денсаулық жағдайының нашарлауы қосымшасебеп болған екен.  Бірақ бұған дейін ол қайташағымдана алмайтыны айтылған еді.

Бұл лауазымдықызметкерлердің әртүрлі жағдайда ұсталып, біраз уақыттан соң қайта босап шығуыныңнемесе жазасының жеңілденуінің алғашқы жағдайы емес. Екі жыл бұрын 10 жылға басбостандығынан айырылған ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев былтыр бостандыққашыққан. 39 жасында ең жас министр атанған ол соңғы сөзінде экс-президент Назарбаевтыңсаясатына «жан дүниесімен» берілген боп қалатынын айтқан еді. Оған «пара алды», «бөтеннің мүлкін иемденді», «қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды» деген айыптартағылған болатын.

2015 жылы«кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны» үшін, «қызметін асыра пайдаланғаны» үшін айыптағылған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов екі жыл өтер-өтпестен бостандыққашығып алды. Кінәсін мойындамаған премьер соңғы сөзінде Назарбаевтан  кешірім сұраумен ғана шектелген. Кейін бір жылөткен соң, оның адвокаттары Ахметовтің кінәсін мойындап, оның туыстары 2 миллиард255 миллион теңгені қайтарып бергені хабарланды. Оның сотталуы және босап шығуыәлеуметтік желіні біраз шулатқан еді.

2019 жылдыңшілде айында Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметіне кіріскен Бағдат Мәнізоровсол жылдың қыркүйек айында уақытша ұстау изоляторына отырғызылған. Кейін ол да үйқамаққаауыстырылып, артынша кешірім сұрап, қызметін тастап кетті. Ол да жемқорлыққа қатысыбар және ірі көлемде алаяқтық жасады  депкүдікке ілінген-ді. Бас прокуратура бұл істе қылмыс таппай, тоқтатуға мәжбүр болдықдеп түсіндірген. Бағдат Мәнізоровтың ісіне қатысты бас прокуратура мен оны қамауғаалған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасында біршама кикілжің туған болатын.Тіпті әлеуметтік желілерде әкім орынбасарының прокуратураға 2 миллион доллар парабергені туралы да ақпарат тараған еді. Жалпы, Мәнізоровтың қамауға алынуы, оданкейін босап шығуы – билік басындағы «кландар соғысына» көп ұқсайтын.  Сол тұстары бас прокуратураның арнайы прокурорларқызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс те қылаң берген.Оның ісіне  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңбұрынғы басшысы, экс-бас прокурор Қайрат Қожамжаров та араласып кеткен және Кексельгеештеңе болмайтыны туралы алғаш соның аузынан шыққан. Саран қаласының бұрынғы әкіміСергей Шкарупаның ісі бойынша өзін тергеген кезде қинады деген Кексельге қарсы шағымдысол қаладан келген кәсіпкер жазған болатын. Экс-премьер С.Ахметов пен басқа да бірнеше биік лауазымда болғандарды тергегенКексель елден көшіп кеткен болып шықты. Сөйтіп, екі жақ та ымыраға келген секілді.

Жалпы, Павлодароблысы әкімінің креслосы Ғалымжан Жақияновтан соң ешкімге де жақпады.  Ғ.Жақиянов осы облысты басқарып тұрған кезде басқада демократиялқ өзгерістерді көксеген жақтастарымен бірге ҚДТ қозғалысын құрғанболатын. Олар президент Назарбаевтан елде оң өзгерістер жасауды талап еткен еді.Соның нәтижесінде Жақиянов «ақша жымқырды» деген желеумен жеті жылға бас бостандығынанайырылған. Ғалымжанның орнына қайтып келген Даниал Ахметов (қазір ШҚО әкімі) тебіраз уақыттан соң президентке «жақпай» қалып,  бірер жылдар көрінбей кеткен болатын.  Бұдан кейінгі әкім Ерлан Арынға 2014 жылы «1,6миллион көлемінде қаржы жымқырды, пара алды және қылмыстық жолмен келген қаржынызаңдастырды» деген айып тағылып, шартты түрде үш жылға бас  бостандығынан айырылды. Бұл креслода «күйіп» кетежаздағандардың бірі – Қанат Бозымбаев. Оның ұлына қатысты жанжал шығып, әйтеуір,«аман» қалған. Содан энергетика министрлігін басқарып кеткен болатын. «Бақытсызәкімдердің»  тізімін Болат Бақауов жалғастырды.Әйтсе де соттың кешегі шешіміне қарағанда, «берерін беріп», «байқамай алып қойғанын»қайтарған сыңайлы. Портреті ғана 32 миллион тұратын экс-әкімнің бостандығы қаншағабағаланды екен? Оны «ұзынқұлақтан» ести жатармыз.

Коллаж: Жас Алаш.

Автор: Думан Терлікбай.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз