Саясат

Бақауовтың бақуатты туыстары: Тұтқындалған әкімнің династиясы туралы

ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабының 4-тармағының 3-бөлігі(«Билігі мен қызметтік құзыретін асыра пайдалану») бойынша қамауға алынған Павлодароблысының экс-әкімі Болат Бақауовқа үйқамағына ауыстырылды.

Бақауовтың бақуатты туыстары: Тұтқындалған әкімнің династиясы туралы

Осыған байланысты Жас Алаш газетінің 21 қаңтар күні шыққан№3 санында жарық көрген «Бақауовтың бақуатты туыстары: Тұтқындалған әкімніңдинастиясы туралы» атты мақаланы сайтымызға жариялауды жөн көрдік.  

Болат Жұмабекұлының өмірбаяны өзі 2016 жылдың 25наурызынан бері басқарып келген облыс әкімдігінің ресми сайтында әлі тұр. Әзіргеонда өңір басшысының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланбаған.

Әкімнің қазақстандық компанияларда ресми үлесі жоқ. Ашық деректердеоның әйелі мен балалары туралы да ақпарат кездеспейді. Өңірдің бірінші ханымының есімі еш жерден табылмағанымен,облыс басшысы туыстарының аты ел құлағында жүр. Мәселен, әкімнің әпкесіРамазанова Жамал Жұмабекқызы – Железі аудандық іскер әйелдер кеңесініңтөрайымы, «Айтуаров» коммуналдық шаруашылығының басшысы, отбасылық «Демеу»несиелік серіктестігі» ЖШС құрылтайшыларының бірі.

Бақауовтың тағы бір әпкесі – Крыкбесова Жанар 2016 жылдыңнаурыз айына дейін орталық Кутузов даңғылында (қазір көшеге Назарбаев атыберілген) сауда алаңдарын жалға беретін «Концерн Тұлпар» ЖШС директоры болған.

2016 жылы наурызда Марат Жұмабекұлы Железі ауданындағы №6сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты болып сайланған. Оныңжурналист Голышкиннің ісі бойынша ақша бопсалағандар мен Қанат Бозымбаевтыңарасында делдал болғанын еске салғымыз келеді. Марат Бақауовтың еңбек жолынаотбасының ауыл шаруашылығы мен меценаттықта жеткен жетістіктері және өңірдіңдамуына қосқан үлесі туралы түсірілген фильмге қарап баға беруге болады. Олеңбек жолын 1993 жылы «Сары-Арқа» кіші кәсіпорны директорының құрылыс жөніндегіорынбасары болудан бастаған. 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Бақауов» шаруақожалығын басқарып келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығысаласының үздігі» белгісімен марапатталған.

Бұл депутат жоғарыда аталған «Демеу» несиеліксеріктестігінен бөлек, ресми бірнеше заңды тұлғаға иелік етеді: «Мыңкөлэлеваторы нан қабылдау кәсіпорны» ЖШС мемлекеттік тіркеуден 2014 жылы 3 сәуірдеПавлодар облысы Железі ауданы Мыңкөл ауылы Элеваторная көшесі, 1А мекенжайыбойынша өткен.  Марат Жұмабекұлы – бидайжинау және сақтаумен айналысатын компанияның жалғыз құрылтайшысы. Бірінші басшықызметіне Азамат Бақауов тағайындалған. Қазір бұл қызметті Сексембаев Райымбекатқарады. Осы кәсіпорын үшін Болат Бақауов отбасын рейдерлік әрекеттері үшінайыптаған блогерді сотқа да берген.

Салық түсімдеріне қарағанда, ағасының кәсібі өскен сайын,элеватордың да тасы өрге домалағанға ұқсайды: 2014 жылы бюджетпен өзара есепайырысу 48,1 мың теңгені, ал 2015 жылы 3 миллион 172,4 мың теңгені құраған.

мың теңге

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

3 172,4

4 234,9

3 483,8

3 370,6

3 046,7

Салық бойыншатолық ақпаратты мына сайттан алуға болады: kgd.gov.kz/

Ол 2015 жылы 28  қаңтарда құрылған «Агро Өндіріс»ЖШС  кәсіпорнында да 100 пайыз үлеске ие.Кәсіпорын Павлодар облысы Железі ауданы Жаңа жұлдыз ауылы Центральная көшесі,36А-үй мекенжайы бойынша тіркелген. Серіктестік келесі қызмет түрлеріменайналысады: дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіру, тұқым шаруашылығы; етөндіру мақсатында ірі қара мал өсіру; майлы дақылдар мен олардың тұқымын өсіру;ұн өндіру.

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

3 145,3

9 935,5

9 180,2

13 985,9

20 280,7

 

Жекекәсіпкерлік субъектілерініңПавлодар облыстық «Алтын дала» бірлестігін2008 жылы 30 шілдеде Марат Жұмабекұлы Бақауов, Данияр Жұмабекұлы Бақауов (олтуралы кейінірек айтамыз), Юсуп Увалиевич Алекпаров құрған. «Осыған ұқсасқоғамдық ұйымдардың» қызметі мына мекенжай бойынша жүзеге асады: Павлодарқаласы Торговая көшесі, 5-үй.

Бұлжерде «қызмет» сөзін қолдану орынсыз болуы мүмкін, өйткені бірлестік бірде-бір рет салық төлемеген.

Марат Бақауовтың 2016 жылы 5 ақпанда тіркелген «ЕртісАгро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде де үлесі бар. Экономикалыққызмет түрлерінің жалпы классификаторында кооперативтің жұмыс бағыты былайсипатталған: бидай, өсімдік тұқымдары мен мал азығын көтерме бағада сату, жалғаберілетін мүлікті пайдалануға және жалға беру, ауылшаруашылық шикізатын, тірімалды, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды көтерме бағада сататынагенттер қызметі,  тамшылатып суаружүйесін қоспағанда, өсімдік шаруашылығын дамытуға көмектесетін қызмет түрлері,ұн өндіру, бидай жинау және сақтау.

Кооператив Павлодар қаласы Астана көшесі, 132-үймекенжайы бойынша тіркелген. Жоғарыда аталған депутаттан бөлек, кооперативкетағы 35 адам мүше: «Мыңкөл» ЖШС, «Покровка» агрофирмасы» ЖШС, «ВЕК-ПВ» ЖШС,«Абая» атындағы ЖШС, Рымбек Мұқанов, Владимир Филипишин, Валентина Белявская,Бикпай Абдраисов, Балғабай Бакишев, Сейтенәлі Абзалов, Жұмабек Мамытов, АйнагүлСайдахметова, Ерболат Сайдахметов, Тлек Атимов, Валерий Сорокин, ВладимирТурбин, Ерғанат Байғазинов, Владимир Задорожный, Ерлан Тоқтушақов, ҚайратҚұсайынов, Сұлтан Аушев, Сайлау Оразбаев, Марат Морозов, Иван Полторацкий,Қуаныш Баймағамбетов, Қанат Сүтжанов, Иван Алавацкий, Сергей Агеенко, ТатьянаТоқтушақова, Игорь Щербак, Ермек Урумбаев, Зайда Бейсембаева, Даурен Бакишев,Василий Чуденков, Рустам Тұржанов.

 

Салық түрі

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

1 883,1

12 743,9

20 615,4

65 427,8

Олағасы Данияр Бақауов және әпкесі Жамал Рамазановамен бірге туған ауылы –Железинканың Квиткова көшесі, 13-үйінде тіркелген «Демеу»несиелік серіктестігі» ЖШС қатысушылар құрамына кіреді. Алғаш рет 2004 жылы 30желтоқсанда тіркеуден өткен серіктестік «несие берудің басқа түрлерімен»айналысады.

Мұндада құрылтайшылар тізімі үлкен: «Еңбек» шаруа қожалығы»ЖШС, «Егер» ЖШС, «Фирма «БАТ-PV» ЖШС,«ВЕК-ПВ» ЖШС, «Антошинка» шаруа қожалығы»ЖШС, Еркен Ракишев, Жұмагелді Қайыргелдинов, Николай Весёлкин, АлександрКирилов, Майра Нұрғалиева, Болат Исабеков, Василий Мельник, Нұрлан Зайкенов,Зазира Баужанова, Тлектес Айтуаров, Қуаныш Хаймульдинов, Сәкен Кинжалинов,Игорь Сизько, Владимир Неупокоев, Қайролла Барамбаев, Ренат Джумалинов, СаматТлепов және Сергей Агеенко.

 

Несиеліксеріктестіктің соңғы жылдары бюджетке төлеген салық көлемі:

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

747,7

1 250,4

2 053,7

3 031,9

4 486,8

 

Жоғарыдааталған әкімнің үлкен ағасы – ДаниярЖұмабекұлы Бақауов 2007 жылы отбасылық дәстүрге сәйкес, қазақстандық№8 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған. Қазіраграрлық династияның ісін жалғастырып, кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Ағасына«Алтын дала» бірлестігінің жұмысын жүргізуге көмектеседі.

Ол2015 жылы 29 қаңтарда құрылған «Жұмабек Агро» компаниясын жалғыз өзі басқарады.Мекенжайы: Павлодар облысы Железі ауданы Жаңа жұлдыз ауылы Центральная көшесі,36А-үй.Қызмет түрі: дәнді және бұршақтұқымдас дақылдарды, өсімдік тұқымын өсіру; майлыдақылдар мен олардың тұқымдарын өсіру. Бірақ мемлекеттен субсидия алатынауылшаруашылықөнімдерін өндірушінің бюджетке өткізген салығы көп емес:

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

393,2

592,0

1 085,4

656,8

875,3

 

Әкімніңтөртінші ағасына өтейік. Азамат Жұмабекұлы Бақауов қазір ешқандайзаңды тұлғаның не құрылтайшысы, не басшысы есебінде тіркелмеген. Бұрын «МыңкөлЭлеватор–ПВ» ЖШС басшысы және құрылтайшысы болған.

Бақауовтың жиен інісі Руслан Даниялұлы – салықтықтексерістің соңы әкім қатысқан дауға ұласқан «AksuTransLogistic» ЖШС-ның жалғызқұрылтайшысы.

Ақсу қаласы Әуезов көшесі, 52-үйде орналасқан серіктестіккелесі қызмет түрлерімен айналысады: жүк көлігі қызметі; майлы дақылдар менолардың тұқымын өсіру; дәнді және бұршақтұқымдас дақылдар мен олардыңтұқымдарын өсіру.

Әкімнің басына қара бұлт үйірген салық туралы мәлімет:

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

 2019 жыл

Салық түсімдері

89 788,4

68 453,2

58 317,2

68 230,7

111 525,2

Облыстықмемлекеттік кірістер департаменті 200 миллионтеңге үстеме салықты қай жыл үшін тағайындағаны белгісіз. Ал бұл ақпараттыжасырғаны үшін кәсіпорын басшысы Абсалямов Артур жауапкершілікке тартылуы керекеді.

 

Руслан Данияловтың тағы бір активі –  «ASTYK-PV» ЖШС Павлодар облысы Тереңкөл ауданыТереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы Торайғыров көшесі, 104А-үй мекенжайыбойынша тіркелген.

Салық түрі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

 2018 жыл

 2019 жыл

Салық түсімдері

0

1 116,7

5 459,1

8 758,6

15 631,3

 

Павлодарқаласы Ломов көшесі, 186/6 мекенжайы бойынша орналасқан «PavlodarNaturProduct»ЖШС көкөніс пен оның тұқымдарын өсірумен және көшет отырғызумен айналысады.Қолда бар деректерге қарағанда, бұл табысты бизнеске ұқсайды:

Салық түрі

2018 жыл

2019 жыл

Салық түсімдері

1 660,0

3 278,5

 

2019жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Шұбаркөл көмір» АҚ (облыстың іріөндірістік нысандарын біріктірген Еуразиялық топтың (ERG) құрамына кіреді) президентінің қызметін атқарушы Ибрагимов РустамАлмазұлының  аталған серіктестікқұрылтайшыларының бірі болуы назар аударуға тұратын дүние. 

ERGсайтында Рустам Алмазұлының компанияға көп жылдан бері еңбек сіңіріп жүргеніжазылған. Бұл таңғаларлық дерек емес, өйткені Рустам Алмазұлы – дәл осыЕуразиялық топқа кіретін «Қазақстан алюминийі»АҚ және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның бұрынғыпрезидентінің ұлы. Ашық дереккөздерден Рустам Ибрагимовтың Алиджан Ибрагимовпентуыстық байланысы барын растайтын не жоққа шығаратын ақпарат табылмады.

РустамАлмазұлы облыста қытай компаниясымен бірлесіп трактор зауытын салуды жоспарлаған.Ресми дерек бойынша, ол «PavlodarNaturProduct-тан» басқа, Павлодарда «KSW AgroTech» ЖШС, «R'n'RGroup»ЖШС, Ақсуда «КронАгро шаруа қожалығы» ЖШС және Алматыда «BioCosmetics International» ЖШС кәсіпорындарына иелік етеді.

Аталған тұлғаның маңызынтүсіндіру үшін өткен жылы жазда Рустам Ибрагимов балалы болғанда, облыс әкіміБолат Бақауовтың оған жаңа туған сәбиге арналған киімдерді өз қолыментапсырғанын айтқымыз келеді. 

Барлық ақпарат ашық және ресми дереккөздерден алынды.

Коллаж: Жас Алаш.

Авторы: Әсел Жаңабаева.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз