Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:29, 06 Қараша 2024

Бөлекпаев қарағандылықтарға рахмет айтты

1

Облыс әкімдері Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингке келгенде әдетте өз жұмыстары туралы айтады.

 Былайша айтқанда, «өйттім-бүйттім» деген әңгіме. Ал әкімнің өзіне сеніп тапсырылған аймақ тұрғындарының еңбегін ерекше атап өтіп, рахмет айтуы – сирек құбылыс.

Бұл тұрғыда бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ерледі. Ол қарағандылықтардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы мен экологиялық іс-шараларға қатысудағы белсендігі үшін арнайы алғыс айтты.

Расында, Президент бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясы өңір әкімдері үшін күнделікті қадағалап отыратын міндетті шараға айналды. Жалпыұлттық сипат алып, елдің бәрі экологиялық сана-сезімге бейімделуі үшін әрі уақыт, әрі қадағалау керек-ақ. Бірақ ағаш отырғызу, аула тазалау, суат көзін ашу сияқты жұмыстарды қарапайым тұрғындар жасайтыны белгілі ғой. «Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша қарағандылықтарға қоршаған ортаға деген айрықша қамқорлықтары үшін алғыс айтамын» деді Бөлекпаев.

Оның айтуынша, қарағандылықтар жалпы саны 131 мың ағаш егіп, 7,7 мың бұта отырғызған. Бұған қоса, 367 қоқыс орны, 273 бақ пен саябақ, 125 суат көзін тазалаған.

«Қарағанды әуежайын қуаттылығы жылына 50 мың тонна жүк тасымалдайтын жүк терминалына айналдыра отырып, жаңғырту жоспарлары маңызды болып табылады. Келешекте Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша әуе кемелерінің техникалық қонуын арттыру жоспарлануда», - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тегтер: